Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Мұратбек Өмірбеков - көлік полициясының қаһарманы. СУРЕТ

Мұратбек Өмірбеков - көлік полициясының қаһарманы. СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Ел тыныштығын ойлаған көлік сақшысы - Мұратбек Әмзеұлы қызметке адалдықпен өмірін қиған, батыр азаматтарымыздың бірі, деп хабарлайды patrul.kz.

Осыдан 27 жыл бұрын, 1992 жылдың ақпан айында «Мәскеу-Ташкент» бағытындағы жолаушылар пойызының арнайы вагонында этаппен айдалып бара жатқан аса қауіпті 6 қылмыскер пойызға ілесіп жүру айдауыл жасақтарын жаралап, Тароғай станциясынан түсіп қалып, қашады. Аяқ астынан бостандыққа шыққан қаскөйлер «Қызылорда-Сарыағаш» бағытындағы қалааралық автобусты жолаушыларымен қоса кепілдікке алады. Жолаушыларға күш көрсетіп, арнайы байланыс құралы арқылы жергілікті биліктен үлкен мөлшерде қаржы, әрі шет елге кету ұшағын талап етеді.

Оимрбеков.jpg

Құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері жедел түрде аса қауіпті қылмыскерлерді ауыздықтау мақсатында «Дабыл» операциясын ұйымдастырады. Қылмыскерлерді залалсыздандыру мақсатында құрылған арнайы топтың ішінде Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің жедел уәкілі Мұратбек Өмірбеков те бар болатын... Өкінішке орай, қылмыскерлердің екеуін залалсыздандырған милиция аға лейтенанты қандықол қарақшылармен айқас үстінде оққа ұшты.

Осылайша, кепілге алынған азаматтарды қорғау жолында жанын аямаған, қызметіне мінсіз берілген қайсар азамат Мұратбек Әмзеұлы бар жоғы 32 жасында қызмет бабында қаза тапты. Тура сол жылы туған ел тағдырының ең бір шешуші кезеңінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бұрындары «милиция» болып аталған еліміздің Ішкі істер органдары қайтадан құрылып, «полиция» деген атқа ие болды. Ал милиция аға лейтенанты Мұратбек Өмірбеков Қазақстан полициясы құрылатын күнге санаулы айлар қалғанда көз жұмды. Алайда, оның артында отбасы, жұбайы мен үш ұлы қалған еді.

Уақытқа тосқауыл бар ма?! Сынаптай сырғып қаншама жыл зырғып өте шықты. Перзенттерінің арасында Ринат әке жолын таңдап, 2008 жылы ішкі істер органдарына қызметке келді. Бала кезде әкеден ерте жетім қалса да полиция қызметінің қауіп-қатеріне деген үрей немесе қорқыныш оның жігерін жасқандырмады. Осылайша, қаһарман әкенің өшпес рухы ұрпағының бойындағы күш-қуатымен жаңарды. Ринат қазірде Шиелі станциясындағы желілік полиция бөлімінде қызмет етеді. Кең далаға төсін сүйреп, ізін салып жатқан теміржол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әкесі сияқты ол да аянбай қызмет етіп келеді.

Мұратбек Әмзеұлы Өмірбеков 1996 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен II-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

IMG-20190621-WA0006 (1).jpg

«Әкеміздің ержүректілігі, қайсарлығы біз үшін үнемі үлгі болып қала бермек. Ішкі істер органдарының қатарында қызмет етіп келгелі бері, ол кісінің атына кір келтірмей, абыроймен қызмет етуді мақсат етемін», - дейді қайсар әкенің ізбасары.

Анасы Күләш та тағдырдың мойнына салған қиындығына мойымай балаларын барынша ізгілікті жолға баулып, үнемі адамдық қасиетке тәрбиеледі. Асқар таудай әкенің нағыз тұлғалық келбеті де анасының оны үнемі құрметтеп, ол туралы жылы естеліктермен айтылған әңгімелері арқылы қалыптасқан-ды.

Біз Ринаттың ішкі істер органдарына қызметке қалай келгенін білу мақсатында сөзге тартқанымызда, ол өзінің бала кезден-ақ полиция мамандығына деген үлкен қызығушылығы болғанын жеткізді. Сөзі қысқа әрі нұсқа болғанын қалайтын Ринат қоғамның қауіпсізідігі жолында халыққа қызмет ету оның перзенттік парызы екендігін айтты.

Ринат отбасылы. Берекелі шаңырақтың тірегі. Анасының қамқоры. Жұбайы екеуі ұл мен қыз тәрбиелеп отыр.

«Ия, Мұратбек Әмзеұлы сияқты айбыны асқақ азаматтарымыздың ұрпақтарының жалғасын табуы көңілге медет. Ринат әкенің беделін арттырып, рухын ұлықтауы – көрегендігі, тектілігі.

Бүгінде елдік пен егемендіктің тірегіне айналған Қазақстан полициясының сапында әкенің орындалмай қалған арманы мен ұлы мұраттарын орындауға осындай ұстанымы берік азаматтардың қызмет ететіндігі ұрпаққа үлгі, әріптестеріне зор мақтаныш», - деп мәлімдеді көліктегі полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Свежие новости