Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Ақмола облысында қатты боранда ер адам қаза болды

Ақмола облысында қатты боранда ер адам қаза болды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Целиноград АІІБ-інің (Ақмола облысы) кезекшілік бөліміне Рахымжан Қошқарбаев аулынан 500 метрдей жерде адамның денесі табылғаны жайлы ақпарат келіп түсті, деп жеткізеді patrul.kz.

«Алғашқы мағлұмат жиналғанда, қаза болған 1957 жылы туылған ер адамның АЭС-сында электрик болып істегені анықталды. 11.01.2018ж. таңғы 08:00 шамасында ол жұмысқа баратын болып үйден шығып кеткен. Бірнеше сағат өткен соң оның денесіне әріптестері кез болған. Оның денесінде зорлық белгілері болған жоқ. Сонымен қатар полицейлер ер адамның 2013 және 2015 жылдары инсульт алғанын және 3-топтағы мүгедек болғанын анықтады. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша, ер адамның өлімі үсіп қалу салдарынан болған», - делінген Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің ақпаратында.

Полицейлер оқиғаның барлық жағдайларын анықтауда. Сонымен қатар қаза болған кісінің туыстарының оның қатты боран кезінде жұмысқа шақыртылғаны туралы түсірген шағымы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр

Свежие новости