Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Өмірлерін қиған полицейлерің отбасыларына сыйлықтар жасалды

Өмірлерін қиған полицейлерің отбасыларына сыйлықтар жасалды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Түркістандық полицейлер қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің отбасына қолдау көрсетуде, деп хабарлайды patrul.kz.

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Түркістан облысы полиция Департаментінің бастығы Қайрат Дәлбековтың нұсқауына сәйкес қызмет бабында қайтыс болған тәртіп сақшыларының отбасына үнемі көңіл бөлініп отырады. Осындай тәрбиелік маңызы зор дәстүрді жалғастырған Түркістан облысы полиция Департаменті ІІО қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және қызмет бабында қаза болған полицейлердің жанұясына мемлекеттік қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда.

кентау (3).JPG

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Бағлан Халықов, ТО ПД КСЖ басқармасының бастығы Мақсат Асқаров Кентау ҚПБ-нің қызметкерлерімен бірлесіп, 1994 жылы 4 шілде күні қылмыскерді ұстау барысында оқтан жарақат алып қаза тапқан полицей Рысбай Құдайбергеновтың үйіне барып, жұбайының хал-жағдайын біліп, бағалы сый-сияпаттарын табыстады.

кентау (2).JPG

Рысбай Құдайбергенов Кентау ҚПБ-не 29 жасында инспектор лауазымымен қызметке орналасып, өзінің қырағылығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында қылмыстық-іздестіру бөлімі бастығының орынбасары лауазымына дейін көтерілген. Тірі болғанда бұдан да жоғары биіктен көрінер еді дегенмен, небәрі 45 жасында берген антына адал арда азамат қызметін мінсіз атқару барысында қылмыскердің қолынан қаза тапты.

ваыввыв.JPG

Аталмыш іс-шараларды Мақтарал АПБ қызметкерлері де жалғастырды. Мақтарал АПБ бастығы А. Сапарбеков, көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы Аян Хайруллаев, полиция капитаны Бекбол Жиренбаевтар бұл жолы ерекше кездесу ұйымдастырды. Бұл өмірден озған полиция қызметкерінің жұбайының туған күніне орай, жұмыс орнына барып, тосынсый жасады. Небәрі 33 жасында қылмыскердің пышағынан қаза тапқан Абдрахманов Нариманның жұбайы Ольганы ұжымы алдында құттықтап, гүл шоқтарымен қоса тұрмыстық техника, яғни кір жуғыш машинасын сыйға тартты.

Снимок (13).JPG

«Қиындығы мен қауіпі көп жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! Полицейдің жары болу оңай емес екенін жақсы білемін. Сондықтан, ең бастысы өздеріңіз аман болыңыздар. Бүгінгі сыйларыңызға айтар алғысым шексіз. Сіздерге рахмет! Менің жұбайымды ұмытпай, артында қалғандарға қолдарыңыздан келгенше көмек беріп жүргендеріңізге», - деді Ольга Абдрахманова.

Қызмет атқару барысында, қаза болған осындай нағыз батыр азаматтарымызды, өзінен кейінгі үзеңгілес замандастары мен жас буын ешқашан есінен шығарған емес.

Сондықтан осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысында тұрақты түрде жүзеге асырылып отырады.

Свежие новости