Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Mercedes пен қоғамдық автобустың соқтығысуынан үш адам зардап шекті. БЕЙНЕЖАЗБА

Mercedes пен қоғамдық автобустың соқтығысуынан үш адам зардап шекті. БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

ЖКО Алматы қаласында, Төле би көшесінің бойында орын алды. Куәгерлердің айтуынша, Mercedes автосының жүргізушісі көлігін игере алмай қалған, деп жеткізеді patrul.kz.

«Гармошка» автобус пен Mercedes автомобилі Төле би көшесімен Шығыс айналма жолдан батысқа қарай қозғалған. Қайырбеков көшесіне жетпей, куәгерлердің сөзіне қарағанда, жеңіл көліктің тізгініндегі кісі рулін игере алмай қалған. Ол бордюрдың үстіне шығып кетіп, серпінмен барып алдындағы автобусқа соғылған. Қатты соққыдан машинаны жол бөліп тұрған тойтарғыш қондырғыға қарай лақтырып жіберген. Тек соған тірелгеннен кейін ғана ол тоқтай алған.

ЖКО нәтижесінде Mercedes көлігінде отырған үш адам зардап шекті. Олардың барлығы түрлі жарақаттармен жақынарадағы ауруханаға жеткізілді.

Қуаныштысы, автобустың ішінде жолаушылар болмаған. Ол автопаркке бара жатқан екен.

Жол апатының мән-жайын жол-патрульдік полицияның қызметкерлері анықтауда.

1 (1).jpg

1 (2).jpg

1 (3).jpg

1 (4).jpg

1 (5).jpg

1 (7).jpg

1 (8).jpg

1 (9).jpg

Свежие новости