Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Мастықпен жасалған ЖКО: жүргізуші қансырап жатқан жолаушысын тастап, оқиға орнынан қашып кетті. БЕЙНЕЖАЗБА

Мастықпен жасалған ЖКО: жүргізуші қансырап жатқан жолаушысын тастап, оқиға орнынан қашып кетті. БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Алматы – Астана тасжолында Nissan автомобилі жыраға түсіп кетті. Куәгердің айтуынша, жүргізуші мас болған, деп хабарлайды patrul.kz.

Nissan Primera автомобилі даңғыл жолмен оңтүстік бағытта қозғалған. Бір кезде жолдың қарама-қарсы бағытымен Каскелеңге қарай келе жатқан джиптың тізгііндегі ер адам жаңағы жеңіл көліктің бір жақтан екінші жаққа бұлаңдатып бара жатқанын байқады. Бір сәтте Nissan жолдан шығып кетті де, жыраға түсіп кетті. Джип жүргізушісі дереу тоқтай салып, жеңіл көлікке қарай жүгіріп барса, алдыңғы жолаушы орнында қатты жарақат алған адам отырған – жүргізуші мен екінші жолаушы оқиға орнынан қашып кеткен.

Куәгер-жүргізуші қансырап жатқан жолаушыны өз күшімен машинадан шығара алмады: сол жақтағы есік ашылмай қалған екен. Полицейлер келгенде, ол солармен бірге жолаушыны басқа есіктен шығарып алмақшы болды, бірақ бұл да қиындыққа түсті, өйткені жәбірленуші қатты жарақат алған. Ол көмектеспекші болғандардың әр қимыл-әрекетінен ауруы жаңға батқаннан айқайлай берді.

1 (9).jpg

Снымен қатар сол жерге жедел жәрдем бригадасы мен аудандық полиция қызметкерлері шақыртылды. Барлығы жабылып, жәбірленушіні майысқан автомобильдің ішінен зорға дегенде шығарып алды. Сосын дереу реанимобильге салып, жақынарадағы ауруханаға алып кетті.

Полицейлер жол апатының мән-жайын анықтауда.

1 (1).jpg

1 (2).jpg

1 (3).jpg

1 (4).jpg

1 (5).jpg

1 (7).jpg

1 (8).jpg

1 (10).jpg

1 (11).jpg

1 (12).jpg

Свежие новости