Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Мақсат Баймағұлов: «Ортақ борышымыз – Отанымыздың нағыз патриоты болу». СУРЕТ

Мақсат Баймағұлов: «Ортақ борышымыз – Отанымыздың нағыз патриоты болу». СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Әскери бөлімге қадам басқандардың өмірі мен тәрбиесі жайлы айтылды, деп хабарлайды patrul.kz.

Әрбір ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдында берген антты орындайтын үлкен асу баспалдағы тұрғанын естен шығармауы тиіс. Отан қорғаушыларымыздың қызметтік-жауынгерлік міндеті мен қазіргі тыныс-тіршіліктері туралы 5546 әскери бөлімнің командирі подполковник Мақсат Баймағулов мырза айтып берді.

«Мен Отан қорғаушы мамандығын мектепте оқып жүргенде таңдадым. Шын мәнінде әскери қызметкер ерлік пен өрліктің үлгісін көрсете білуі тиіс.

Туған жерім - Шығыс Қазақстан облысы, Семей ауданы, Аякоз ауылы. Әкем ішкі істер органдарының ардагері, анам бала сауда кәсібімен айналасты. Отбасында төрт баламыз, бауырым әскери қызметте, қарындасым сауда-саттық өнеркәсібінде, ағам өмір озды.

Мектеп бітірген соң 1996 жылы Алматы қаласындағы Ішкі істер министрлігінң академиясына оқуға түсіп, оны 2000 жылы алғашқы түлектердің бірі ретінде тәмамдап шықтым. Әскерде қызмет ете жүріп, 2016 жылы Ресей Федерациясындағы жалпы әскери университетті бітірдім», - деп өзін таныстырды подполковник мырза.

IMG-20190407-WA0022.jpg

- Сіз басқаратын әскери бөлім қашан құрылды және қандай әскери бағытта негізделгенін айта кетсеңіз?

- Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында КСРО Ішкі Істер Министрінің 1991 жылғы 25 ақпандағы №015 бұйрығымен Атырау қаласында Орта Азия және Қазақстан бойынша бөлек моторланған милиция батальоны құрылды.Сол кезде бөлімнің алғаш командирі болып подполковник Иван Ветютнев тағайындалды.

Ал, 1992 жылдан бастап әскердегі жаңа өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер құрамында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету бойынша қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 шілдедегі Грамотасының негізінде 2004 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары генерал-майор Амангелді Дүкенев бөлімге Жауынгерлік Туды табыс етті.

Осы 5546 әскери бөлімге УГ-157/9 түзеу мекемесін күзету, сотталғандар мен қамауға алынған тұлғаларды айдауылдау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктелді.

Кейіннен 1993 жылдан бастап әскери бөлім жеке құрамы Орал өзенінде Орал-Каспий бассейнінің балық қорын күзету бойынша «Путина», «Осетр», «Бекіре» операцияларына қатысып келеді. Сонау1994 жылы әскери бөлім ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің Батыс құрамасы құрамына енгізілді.

Атырау  караул (14).JPG

Ал 2002 жылғы 3 қыркүйектен бастап Ішкі әскер батальоны полк болып қайта құрылды.

Бүгінгі таңда әскери бөлім «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскер туралы» Заңды басшылыққа алып түзеу мекемесін күзету, сотталған және қамауға алынған адамдарды айдауылдау, ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірге төтенше жағдайларды қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ елді мекендегі жаппай тәртіпсіздікті тоқтатуда төтенше жағдай кезіндегі құқықтық тәртіппен қамтамасыз ету міндеттерін орындайды

- Еркіндікке үйренген азамат әскери бөлімге келген соң өмірі қаншалықты өзгереді? Олардың көңіл-күйлері қандай өзгеріске ұшырайды?

- Әрине, әскерге келмес бұрын әрбір азамат өз үйінде еркелеп, қалағанынша жүріп-тұрады. Айталық, таңертен ерте тұрмайды. Дене шынықтырумен айналыспайды.Үшіншіден, шыны керек, статистика бойынша тіпті жеке гигиенаға назар аудармайтындар да кездеседі. Ал әскери бөлімге алғаш келген сарбаз күнделікті тазалықты ұстанып, бірте-бірте дағдыланып кетеді.

Бұл жерде адам өзін-өзі тәрбиелейді. Әрбір сарбаздардың бір ай уақыттан соң өзгергенін байқауға болады. Яғни киімдерінің жағасын тігу, аяқ киім тазалау. Апта сайын шаштарын алдырып отырады.

- Басқарып отырған әскери бөлімнің жауынгерлік дайындығы қандай?

- Әскери бөлімге басшы болғаныма екі жыл толды. Бөлімнің жауынгерлік дайындық дәрежесі өте жоғары. Себебі, біз барлық деңгейдегі командирлердің жеке құрамды кәсіби оқытуына сұраныс пен жауапкершілікті күшейттік.

2019 жылдың бастапқы кезеңінен-ақ тәжірибелік және далалық оқулардың өту қарқыны жоғары деңгейде қалу үшін барлық мүмкіншілікті жасадық. Себебі жеке құрам төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет ету, командалық-штабтық және жедел-тактикалық шараларға өзге күш ведомстволарының бөлімшелерімен бірлесе қатысу дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгереді.

Атырау  караул (23).JPG

Әрине, көздеген мақсатқа жету үшін тынымсыз еңбектену қажет. Бұл талаптар әрқайсымыз үшін бұлжымас қағидаға айналды. Ал әскери ұжымның басты моральды және интеллектуалды тұтқасы – офицерлер.

Бөлімшелерді басқарудың негізгі ауыртпалығы солардың мойнында. Ал әскери қызметкер әскери-жауынгерлік міндетін табысты орындау жолында өзінің күшін, білімі мен тәжірибесін пайдаланады. Бәріміздің ортақ борышымыз

– Отанымыздың нағыз патриоты болуға тырысу.

- Әскери бөлімдегі тәрбие жұмыстары қалай жүргізіледі?

- Патриоттық тәрбие беру, келешек ұрпақты отансүйгүштік рухта тәрбиелеу-баламен, жастармен жұмыс жасайтын әр педагогтың, лауызымды тұлғаның басты міндеті. Әрбір әскери құрылымның, өңірліктен ротаға дейін, командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымы енгізілген. Сонымен қатар әскери бөлімдерде командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөнідегі бөлімшелер жұмыс жасайды.

Біздің қызметтің өзге әскери салаларға қарағанда өз ерекшеліктері бар. Түзеу мекемелеріндегі сотталғандарды күзету, қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті сақтау болсын, қайсының да өзіндік қиындығы бар.Қолбасшылық тарапынан осы қиындықтарды жеңуге жағдай жасалып қана қоймай, сонымен қатар тәрбиелік жұмыстардың да ойдағыдай жүруіне де мән беріледі. Сондықтан әрбір сардар жеке құрамның арасында тәрбие қызметінің талапқа сай жүргізуге тырысады. Жеке құрамның мемлекеттік-құқықтық, жауынгерлік дайындық барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеуіне тәрбие жұмыстарының қосар үлесі зор.

- Мақсат Мұхаметкұлұлы, әскердегі тәрбие жұмыстарының бағыттары қандай?

Негізгі тәрбие жұмысы кез-келген заң бұзушылықты болдырмау, олардың алдын-алуға бағытталады. Жоспарлы құқықтық білім деңгейін арттыру шараларымен қатар, тәрбие сағаттары, соғыс, еңбек ардагерлерімен кездесулер, жергілікті әкімшілік өкілдерімен сұрақ-жауап кештерін өткіземіз.

Барлық саннатағы әскери қызметшілермен үнемі жасырын сауалнама жүргізіледі. Өзекті мәселелер лауазымды тұлғаларға жеткізіледі. Бірінші кезекте маңызды сұрақтар шешіледі. Әскери тәртіпті бұзуға жақын әскери қызметшілер демалыс және мереке күндерінің алдында бір топқа жинастырылады. Оларға Қазақстан Республикасының Заңдары түсіндіріледі, саптық жарғы мен басқа да жарғылар бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Казармалық үй-жайларда «Жауынгерлерге Заң туралы» бұрыштамары орнатылған. Онда әскери қызметті өтеуге байланысты қолданыстағы

заңнамаларға түсініктемелер беріледі. Барлық казармалар мен штабттарда бөлім басшыларының ұялы телефондарының нөмерлері жазылып тұр. Әскери қызметшілер көкейде жүрген сауалдарын SMS арқылы да жолдай алады.Хабарламада баяндалған фактілердің анық-қанығы шұғыл тексеріліп, тиісті шаралар қабылданады.

Осындай тәсілдердің көмегімен болып жатқан жағдайлар зерттеліп, жеке құрамның моральды-психологиялық ахуалының мониторингі де жасалады.

- Подполковник мырза, жауынгерлердің рухани және саяси - мәдени біліктілігін көтеру мақсатында қандай жұмыстар атқарылуда?

IMG-20190206-WA0041 (1).jpg

- Әскер қатарында жауынгерлік даярлықпен қатар мемлекеттік-құқықтық дайындық пәні оқытылады. Пәннің аты көрсетіп тұрғандай, мемлекетіміздің даму тарихы, тәуелсіздік алған жылдардағы жетістіктер, үкіметіміздің ел экономикасың дамытудағы жоспарланған іс-шараларынан хабардар ету, жауынгерлердің Қазақстан Республикасының азаматы ретінде құқықтық сауаттылығын арттыру басты назарда ұсталады.

Сондай-ақ, сарбаздарымыздың көңіл-күйлері көтеріңкі болып жүрсін, мәдени шаралардан кереметтей әсер, рухани азық алсын деген ниетпен жергілікті жерлердегі ірі тұлғалар, белгілі адамдармен жиі кездесулер ұйымдастырып тұрамыз.

- Ел тыныштығын қамтамасыз ету – отансүйгіштіктің нағыз белгісі болып табылады емес пе!? Патриотизмнің бастауы неде деп ойлайсыз?

- Өткен аға-ұрпақтың жауынгерлік дәстүрлері бүгінде Ұлттық ұланның сапында қызмет етіп жүрген жауынгерлермен лайықты жалғасын табуда. Мәселен, өткен жылдары жауынгерлік міндеттерін атқаруда адалдық танытып, қауіпті қылмыскермен күресте өз өмірлерін ажалға тігіп, ержүректілікпен танылған жауынгер Ербол Отарбаев, кіші сержанттар Жандос Баянбаев, Ақылбек Қоңыров, қатардағы жауынгерлер Нұрасыл Мүбәраков пен Алтынбек Қабылбековтар жоғары мемлекеттік «Айбын» ордені және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарына ие болды. Осы орайда 5546 әскери бөлімнің офицерлері подполковник Салауат Қабдықұлов пен майор Тимур Рахимов, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Салауат кезінде адам өмірін сақтап қалса, Тимур қыз баланың қолынан қара түсті iPhone 7 телефонды тартып алып кеткен қылмыскерді «із суытпай» қолға түсірген еді.

Міне, мұның барлығы – Отанды шексіз сүюдің жарқын үлгісі. Бұл азаматтарды ерлік жасауға итермелеген - бойларындағы терең патриоттық сезім. Отанын сүйген азамат қана елін асқар мұраттарға жетелемек. Патриотизмнің қайнар бастауы да – осылар.

Свежие новости