Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

«Ұлан» клубының қатысушылары әскери шеберліктерін көрсетті. БЕЙНЕЖАЗБА

«Ұлан» клубының қатысушылары әскери шеберліктерін көрсетті. БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Соғыс ардагерлерінің құрметіне №160-шы мектеп оқушылары концерттік бағдарлама ұйымдастырды, деп хабарлайды patrul.kz.

Сұрапыл соғыс күндерін көз алдыңа елестетсең денең түршігеді. Ал сол уақытта жеріміз үшін соңғы қанын аямаған аталарымыздың қаншауы көз жұмды. Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткенімізге міне 73 жыл толып отыр. Ауған соғысы мен Ұлы Отан соғысын көзбен көрген, сол соғысқа қатысқан ардагерлеріміз бүгінде №160-шы мектеп қабырғасында бас қосты.

Осыған орай, жастар мамыр айында өткен мерекелерге арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Бұл жерде мектеп оқушылары әндерді орындап, би билеп жатты.

«Ұлан» атты әскери-патриоттық клубының қатысушылары, яғни 5және 7 сынып оқушылары мектеп ауласына шығып саптық түзеу көрсетті. Тек әскери жүріс-тұрысты көрсетіп қана қоймай, жастар соғыс жылдарындағы әндерді шырқады.

1 (2).jpg

Аталмыш шара меткеп оқушыларының ауданда орналасқан мәңгі алау қасына баруымен аяқталды.

1 (3).jpg

«Бүгін Алматы қаласы Алатау ауданында №160-шы мектеп «Ұлан» атты патриоттық клубында жетінші мамыр Отан қорғаушылар және Ұлы Отан соғысының жеңіс күніне арналған үлкен іс-шара өтті. Бұл жерде әскери шеберліктен жарыстар болды. Барлық Отандастарымызды, ардагерлерімізді осы мерейтоймен құттықтап, шын жүректен зор денсаулық, ұзақ өмір, бақыт, отбасыларына ынтымақ пен береке тілеймін. Еліміз әрқашан тыныш, жұртымыз аман болсын. Н.Ә.Назарбаев - Елбасымыздың саясатымен осындай бейбітшілік заманында өмір сүруге нәсіп етсін», - дейді Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Ғани Шуменбаев.

1 (4).jpg

1 (5).jpg

1 (1).jpg

Свежие новости