Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Курсанттар жүлделі оралды. ФОТО

Курсанттар жүлделі оралды. ФОТО

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Жуырда Түркістан облысы Түркістан каласы А. Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінде «Болашаққа бастар жол, рухани жаңғыру» атты Республикалық пікір-сайыс турнирі өтті, деп хабарлайды patrul.kz.

Республикалық пікір-сайысқа Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты командасының, 3-4 курс курсанттары Ернар Ерқасым, Асанов Архат, Кеншімбаев Мағжан, Темірәлі Ернарбек, Әуенек Дінмұхмедали, Құрметхан Мерей, Нұрмамедұлы Бекжан қатысты. Командаға капитан Мұқанов Мақсат жетекшілік етті. Турнирге Республикамыздың 8 өңірінен атап айтканда: Астана, Алматы, Павлодар, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Тараз және Қызылорда облыстарының жоғарғы оқу-орындарының пікір-сайысшылары бақтарын сынады.

IMG-20180906-WA0003 (1).jpg

Турнирде Елбасы мақаласы «Болашаққа бастар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы дала жастары» кіші бағдарламасы «DOSTYK CUP» тақырыбында сайысқа түсті.

Аптаға жуық өткізілген турнир барысында еліміздің студент жастары бір-бірімен жақын танысып, әлемнің екінші Меккесі атанған киелі Түркістан қаласының көрнекті орындарына саяхат жасады. Көп күндік сайыстың қорытындысы бойынша, 1- орын Қ.Сатпаев атындағы Ұлттық Техникалық Университеті, 2-орынды Қорғаныс министрлігі, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, 3-орынды Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті иемденді. Жеңімпаз командаларға Түркістан қаласының жастар ұйымы және турнирді ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен грамоталар және турнир кубогымен марапаттады.

IMG_1819.JPG

Жүлделі орынмен оралған пікір-сайыс командасын, әскери институт бастығы полковник Мұстабеков Асқар Досбосынұлы институт жеке құрамының алдына шығарып, кеше ғана Әскери Ант қабылдаған 1 курс курсанттарына үлгі болғандығы жәнеде әскери оқу-орнының намысын қорғағаны үшін алғыс жариялады.

IMG_1805.JPG

2017-2018 оқу жылының рейтингісі бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының «Патриот» ғылыми дебаттық клубы жоғары оқу орындары арасында 11-ші орныға тұрақтады.

IMG_1808.JPG

Фото: РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Свежие новости