Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Көп балалы полицей. СУРЕТ

Көп балалы полицей. СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Көп балалы ана жедел басқару орталығының «102» қызметінің операторы қызметінде, деп хабарлайды patrul.kz.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкері Әсем Жанабайқызы. Оның жолдасы да ұзақ жылдар бойы Ақтөбе заң институтында оқытушы болып еңбек еткен.

Отбасында төрт бала тәрбиелеп, әрі қиындығы мен жауапкершілігі мол жұмысты қатар алып жүру үлкен міндет. Мереке қарсаңында Әсем Жайынауызовамен тілдесудің сәті түскен еді.

«Менің әкем кезінде ішкі істер органы саласында еңбек еткен. Осы қызметке орналасқалы міне 15 жыл. Жұмысым өзіме өте ұнайды. Біздің жұмысымызда қоңырауға күнделікті қала бойынша хабарламалар келіп түседі. Отбасылық кикілжіңдер, жеке заттарын ұрлатып алу, автобуста немесе басқа да қоғамдық орындарда орын алған заң бұзушылықтар мен тұрғындардың тыныштығын бұзуға қатысты қоңыраулар қабылдап жатамыз. Жұмыс барысында тез, шапшаң қоңырауды қабылдап, ұқыпты болуы керек, себебі көп жағдайда азаматтардың өмірі сенің әрекетіңе байланысты екенін түсінесің.

Қазіргі кезде қоңыраулар саны көбейді, олардың арасында жер үйлер мен пәтер тонау, зорлық-зомбылық, ішімдік ішкен азаматтардың заңбұзушылық әрекеттер жасауы мен көпшілік жиналатын ойын-сауық орындарындаға төбелеске байланысты ақпараттар бар», - деп бөлісті Әсем.

Әсем Жайынауызованың үлкен ұлы 19 жаста, орта оқу орнын тәмамдаған. Өзі ішкі істер органдарына қызметке келгісі келеді, қазіргі кезде әрі қарай оқуды жалғастыруға дайындалып жүр. Погон таққан арудың үй шаруашылығына өзінің 63 жастағы анасы көмектеседі.

Әсемнің ең басты арманы – қазір бастаған жоғары оқу орнын аяқтап, қызметте жоғарылау. Өйткені ол қызметте жүріп қала әкімінің қолынан грамота алған.

«Отбасында ең бірінші төзімділік керек, одан кейін әрине сыйластық болғаны дұрыс. Мен 18 жасымда тұрмысқа шықтым, бастапқыда жолдасымның ата-анасымен бірге тұрдым. Енеме алғысым шексіз, жастайымнан тұрмыс құрғаннан кейін көп жағдайларда маған көмек көрсетті, барлық үй тірілігінің қыр-сырын үйретті. Сол кісінің мектебінен өткеннен кейін мен де отбасымда барлық жағдайда көрген-білгенімді балаларыма үйретуге тырысамын», - дейді Ақтөбе облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының «102» қызметінің операторы.

Әсем, құлпырған көктем мерекесінде, барша әйел азаматтарының дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейді.

Свежие новости