Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Кемсітушілікке жол жоқ. СУРЕТ

Кемсітушілікке жол жоқ. СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД «Көмек қолын ұсын!» атты іс-шара сы ұйымдастырылды, деп хабарлайды patrul.kz.

Аудандық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері мен ЖИТС-тің алдын-алу және қарсы күрес орталығы өкілдерімен ЖД-158/7 мекемесінде Шара өтті.

Бұл жерде ҚАЖД бастығының орынбасары А. Ильясов жиналғандарды «Кемсітушілікке жол жоқ!» күнінің шығу тарихымен таныстырып, ешбір адамды оның жынысы, гендерлік және нәсілдік ерекшілігі, жасы, мүгедектігі, этникалық шығу тегі, сондай-ақ жыныстық көзқарасы, діни нанымы, денсаулық жағдайы және басқа да белгілер бойынша кемсітуге болмайтынын айтты.

SAM_6847.JPG

Сөз кезегін алған, облыстық ЖИТС-тің алдын-алу және қарсы күрес орталығының дәрігері С.Ш.Дулатбаева сотталғандарға АИТВ жұқтырған сотталғандардың мәселелерін атап өтіп, іс-шараға қатысушыларға АИТВ жұқтырғандардан қорықпауға, вирустың әңгімелесу, қол алысу, бір ыдысты қолдану арқылы жұқпайтынын айтты.

SAM_6850.JPG

Облыстық түзеу мекемелерінде 2083 сотталған жазаларын өтеп жатыр. Оның 66 АИТВ жұқтырғандар болып табылады. Бұл адамдар басқа сотталғандар мен қызметкерлер тарапынан ешқандай кемсітушіліктерге, шектеулерге ұшырамаған. Жазаларын өтеушілермен медициналық, әлеуметтік көмектерді алып жатыр», - деді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының бас маманы Е.Әбдібай.

SAM_6848.JPG

Іс-шара барысында арнайы тақырыпқа сәйкес дайындалған бейнеролик көрсетіліп, сотталғандар күшімен дайындалған концерттік бағдарлама тамашаланды.

«Айта кету керек, 1 наурыз – «Кемсітушілікке жол жоқ» күні ретінде АИТВ/ЖИТС бойынша БҰҰ-ның бірлескен бағдарламасы – ЮНЭЙДС-тің бастамасымен белгіленген. Ондағы мақсат медициналық мекемелерде кемсітушілікті түп тамырын жою қажеттілігіне көңіл аударту. Бұл бастама 2030 жылға дейін ЖИТС-ті тоқтату мақсатында қол жеткізу жолындағы негізгі кезеңдердің бірі болып табылады», - деп мәлімдейді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Сурет: Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Свежие новости