Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Елордалық жасөспірімдер жол ережелері тақырыбында жарысады. ФОТО

Елордалық жасөспірімдер жол ережелері тақырыбында жарысады. ФОТО

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Аталмыш слет жеті номинация бойынша өткізілетін болады, деп хабарлайды patrul.kz.

Ағымдағы жылдың 11-13 сәуірі аралығында Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі Әкімшілік полиция басқармасы, Астана қаласының Білім басқармасы, ҚР «Қызыл ай» қоғамының Астана қаласындағы бөлімшесі, «СӨС» қалыптастыру орталығымен бірлесе отырып, қаладағы жалпы білім беретін мектептер арасында қозғалыстың жас инспекторларының аудандық слетін өткізуде.

IMG-20180412-WA0027.jpg

Қазіргі уақытта елордамыздың аумағында 78-ден астам жол қозғалысы жас инспекторларының жасақтары жол патрульдік полициясының қызметкерлеріне әр түрлі алдын-алу іс-шараларын ұйымдастыруға, жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін сақтау бойынша насихаттау жұмыстарын жүргізуге жәрдемдеседі.

Аталмыш іс –шараның мақсатының бірі - балалар арасындағы жол-көлік жарақаты мәселесі мен жол-көлік оқиғасының санын барынша азайтуға қоғамның назарын аудару болып табылады.

IMG-20180412-WA0055.jpg

Слет бағдарламасына 7 номинация бойынша келесі жарыстар кіреді: «Саптық байқау», «Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері», «Велосипедті мәнерлеп жүргізу», «Жас реттеуші», «Жас санитар», «Үгіт-насихат бригадаларының конкурсы», «Эрудиттер турниры».

IMG-20180412-WA0057.jpg

Балалар жол-көлік оқиғасы кезінде ЖЖЕ туралы білімдерін, реттеушілердің ым-ишараларын, алғашқы медициналық көмекті жылдам әрі сапалы көрсетеді.

IMG-20180412-WA0060.jpg

IMG-20180412-WA0056.jpg

Свежие новости