Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Елордалық полицейлер есірткі заттарын жеткізу каналдарының жолын кесті

Елордалық полицейлер есірткі заттарын жеткізу каналдарының жолын кесті

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері арнайы операция өткізді, нәтижесінде қаланың аумағына героин есірткі затын жеткізу каналының жолы кесілді, деп хабарлайды patrul.kz.

«Тінту шараларын жүргізу барысында жеке үйде тұрғылықты жері бойынша отыз төрт және қырықтар шамасындағы екі ұсталған адамнан аса ірі көлемде героин есірткі заты табылып тәркіленді. Сот-химиялық сараптамаға сәйкес тәркіленген героиннің салмағы 1 кг 734 гр құрады. Астана қаласы Ішкі істер департаменті Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Ұсталғандар Астана қаласы ІІД УҚҰИ-ға қамауға алынды. Олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - деп ммәлімдеді Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.

Астана қаласы Ішкі істер департаменті елорда аумағында есірткі заттарын тарату және жеткізу каналдарының жолын кесу бойынша бірқатар жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды өткізуде.

Свежие новости