Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Еліне қызмет етуге дайын жастар әскери ант қабылдады. БЕЙНЕЖАЗБА

Еліне қызмет етуге дайын жастар әскери ант қабылдады. БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының 1-2018 шақырылымының жас сарбаздары әскери ант қабылдады, деп хабарлайды patrul.kz.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілдердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жыл сайын ҚР Қарулы Күштері әскерге шақырылатын азаматтармен толықтырылады. Аталмыш заңнамаға сәйкес әрбір жас жауынгер Қарулы Күштердің қатарына ене отырып, Отанына, халқына, заңды сайланған Ел Президентіне, адал болуға, республикамыздың Конституциясы мен Заңдарын қатаң сақтауға ант береді. Осы жылдың 16 маусымында да Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағында 1-2018 шақырылымының жас сарбаздары әскери ант қабылдады.

Қарулы Күштерде әскери ант қабылдаудан аса маңызды рәсім жоқ. Әскери антқа келтіру бұл тек міндетті салтанатты рәсім емес, бұл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына енетін әрбір әскери қызметшінің өміріндегі маңызды сәттерінің бірі. Салтанатты рәсімде ант қабылдаған сарбаздар бұл міндеттердің салмағын анық сезінді. Олардың саптық жүрісінен, әскери мәдениеті мен темірдей тәртібінен осы жауапкершілік айрықша байқалып тұрды.

1 (2).jpg

«Құрметті жауынгерлер! Отанды қорғау әр азаматтың қасиетті борышы, әрі міндеті. ҚР ҚК Әскери полициясы қатарында мерзімді қызмет өткеру сіздер үшін әрі борыш әрі мәртебе. Бұл жерде нағыз жауынгер болып, отансүйгіштік, адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, табанды әрі төзімді болуды үйренесіздер. Ер-азаматтың өмірінде есте қалатын тарихи күн. Анттарыңа адал болыңыздар!», - деді ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасы бастығының орынбасары Э. М. Құрбанов.

1 (3).jpg

Әскери антты салтанатты түрде қабылдау рәсіміне Астана қаласы Алматы аудандық Қорғаныс істер жөніндегі басқарма бастығы полковник Н.Р. Хамидуллин, сарбаздардың ата-аналары мен туыстары, сондай-ақ жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Отан алдындағы борышын өткеру – міндет екенін сезіндіру мақсатында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері де шақырылды. Жедел ден қою бөлімінің әскери қызметшілері өздерінің шеберліктерін, кәсіпқойлығы мен іс-қимылдарының үйлесімдігін, жауынгерлік ұрыс тәсілдерін көрсетіп, жиналғандарды тәнті етті. Ал жас сарбаздар болса қысқа мерзімде игерген саптық амалдарын паш етіп, көпшілік алдында салтанатты маршпен жүріп өтті.

1 (4).jpg

Айта кетсек, әскерге шақырылған Отан қорғаушылар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Жақсартылған казармалық үй-жай, жеке-тәрбие жұмыстары бөлмесі, спорт қалашығы, бассейн, сондай-ақ мәдени-демалыс клубы бар.

«Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер күн сайын үш уақыт құнарлы тамақпен қамтамасыз етілген. Ата-аналар балаларының жатып, демалатын,тамақ ішетін орындармен танысып, көңілдері толып қайтты. Салтанатты жиыннан кейін Жасақ басшылығы ата-аналармен кездесіп, әңгімелесті», - дейді ТжИЖБ аға офицері Ж. Богисова.

1 (1).jpg

Әр сарбаздың арманы берген антына сай қызмет атқарып, елге аман-есен оралу екені анық. Ұлдарымен қауышар сәтті тағатсыздана күткен ата-аналары шара соңында сарбаздарды құттықтап, естелікке суретке түсті.

Свежие новости