Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Елбасы Жолдауын іске асыру – жалпыұлттық іс

Елбасы Жолдауын іске асыру – жалпыұлттық іс

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы бойынша іс-шара өткізілді, деп хабарлайды patrul.kz.

Аталмыш шараға Алматы қаласы ҚАЖ департаментінің мекеме басшылары мен жеке құрамы қатысты. Н.Назараевтың Жолдауын жеткізу туралы жиналыс департамент бастығының орынбасары Е.Ұзақовтың басқаруымен өтті.

«Жаңа Жолдау жүйелі жаңғырудағы 10 басым бағытты жүзеге асыруға арналған бірегей бағдарламалық құжат. Біздің ендігі міндетіміз – әрбір қазақстандықтың өмірі, денсаулығы мен тұрмысына деген Елбасы қамқорлығынан тұратын Жолдаудың мазмұнын барша халыққа жеткізу», - деді ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Е.Ұзақов.

IMG_0432.JPG

Сонымен қатар баяндамашы жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрестің жалғаса беретіндігін де айта кетуді ұмытпады.

Келесі сөзді кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Ә. Жанаманова жалғастырды. Ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көшелер мен адам көп шоғырланатын орындарда бейнебақылау жүйелерін белсенді түрде енгізу керектігіне көпшіліктің назарын аударды.

Жиынға қатысқандар бірауыздан аталмыш Жолдауды және баяндамашылардың пікірлерін қолдады. Сондай-ақ, тыңдаушылар қойылған сұрақтарына жауап алып, Елбасы Жолдауын іске асыру – жалпыұлттық міндет екендігін атап өтті.

Свежие новости