Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу қажет пе? СУРЕТ

Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу қажет пе? СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінде мектеп тәрбиеленушілеріне арнайы дәріс өткізілді, деп хабарлайды patrul.kz.

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» меткебінің оқырмандарына Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг талдау» орталығының ұйымдастыруымен дәріс өткізілді. Оның тақырыбы: «Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу».

Дәріс барысында жасөспірімдерге бейнероликтер көрсетілді. Мектеп тәрбиеленушілері өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауап алды.

20191009_150739.jpg

«Соңғы жылдары дінге қатысты мәселелер қоғамдағы ең өзекті мәселеге айналды. 2011 жылдың мамыр айында Дін істері агенттігі құрылып, сол жылдың қазан айында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы қабылданды. Дін мәселелерімен айналысатын арнайы уәкілетті орган құрылды. Бүгінгі күні діни экстремизм мен терроризм әлемді алаңдатып отырған мәселеге айналды. Сондықтан да діни білімімізді көтеріп, сауаттылығымызды арттыруымыз керек. Барлық дәстүрлі және жаңадан пайда болған діни ағымдардың тарихын, ілімін танып-білу, экстремистік ұйымдарды белгілеріне қарай ажырата білуіміз керек», - деді дәріс жүргізуші Аманжол Мейірманов.

20191009_150706.jpg

Айта кетсек, шараның негізгі мақсаты – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, қоғамға кері ықпалын тигізіп жатқан жат ағымдар туралы кең көлемде мағлұмат беру.

Свежие новости