Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Десантшылар «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. СУРЕТ

Десантшылар «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Қазақстан Республикасының Президенті-Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен өткізіліп жатқан «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясына Десанттық-шабуылдау әскерлері де қатысты, деп хабарлайды patrul.kz.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің басқармасына бағынысты барлық гарнизондарда тазарту жұмыстары жүргізілді.

IMG-20190810-WA0046.jpg

Атап айтсақ, Алматы гарнизонында орналасқан 12881 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Сүйінбай даңғылымен ағып өтетін Кіші Алматы өзенін қоқыстардан тазартты.

«Жылда осы жерде тұратын болғандықтан, өзен бойын қоқыстардан бір мезгіл тазартып тұрушы едім, бүгін міне, отан қорғаушыларымыз келіп тазалап, көмектерін тигізіп жатыр. Үлкен алғысымды білдіргім келеді»,- дейді Сүйінбай даңғылының тұрғыны Бибігүл апай.

IMG-20190810-WA0108.jpg

«Қапшағай гарнизонында орналасқан 32363 әскери бөлімінің көк береттілері де бұл іс-шарадан қалыс қалмады. Жаз бойы туристерден босамаған Қапшағай су қоймасының жағалауын тазартумен айналысты. Жаппай жағалау маңын тазартып жатқанымызды көрген ерікті азаматтар да келіп тазалауға кірісті. Өз ортасын таза ұстаған адам өзіне құрметпен қарағаны, қаласын, даласын сүйгендігі. Осы тектес іс-шаралардың өткізіліп тұруын өз басым қолдаймын, өте қайырымды іс», - дейді әскери қызметшілерді бастап келген гвардия подполковнигі Бркенов Нариман мырза.

IMG-20190810-WA0110.jpg

Сондай-ақ, аталмыш іс-шараның шеңберінде Сарыөзек гарнизонының әскери қызметшілері де әскери бөлім маңынан ағып өтетін кішігірім су ағындарын тазартып, ағысқа кедергі келтіретін қамыстарды шауып тастады. Ағаштардың түптерін ағартып, қаланың тазалығына үлкен үлес қосты.

IMG-20190810-WA0131.jpg

IMG-20190810-WA0150.jpg

Свежие новости