Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Бұзушы-жүргізуші полицейлерге жала жауып, намыстарына тиді. БЕЙНЕЖАЗБА

Бұзушы-жүргізуші полицейлерге жала жауып, намыстарына тиді. БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Жол-патрульдік полицияның қызметкерлері Lada Prior көлегіне мінген кезекті бұзақыны тоқтатты, жеткізеді patrul.kz.

Испекторлардың бейнетіркеуіштеріне жеңіл көліктің бір жақтан екінші жаққа ойнақтап жүріп бара жатқаны жазылып қалған. Қозғалыс кезінде машинаның жолаушы жақтағы есік ашылды. Бұған қарамастан, оның тізгініндегі адам біразға дейін тоқтамай, жолын жалғастыра берді. Бұндай бұзушылықтың арты немен аяқталатыны белгісіз: бұл жолы құдай сақтап, жолаушы көліктен түсіп қалмай, аман қалды. Жүргізуші қасындағы адамын түсірген соң әрі қарай жүре бермекші болды. Демек, тәртіп сақшылары оған белгі беріп, тоқтатып алды. Сөйтіп, ол машинасынан шықты да, басқа жаққа қарай қашпақ болды. Алайда, тәртіп сақшылары оны ұстап алды.

Кейін ер адам біздің тілшілерімізге «сұхбат» бергісі келіп, полицейлердің оны аулада ұстап алып, көлік басқарғанын дәлелдегісі келгендерін айтып шағымданды.

- Жағдай былай болды: мен далада тұрғанмын, мына жігіттер келіп, мені машиналарына отырғызып, осында әкелді. Сөйтіп, бұлар мені «тоқтаттық» демекші.

Жеңіл көліктің жүргізушісі масаю күйінде болғаны анық. Инспекторлар оны медициналық куәландарудан өткізу үшін наркоорталыққа жеткізді. Оның ішінде бұзушы сараптамадан қашып құтыла алмасын білгендей болды. Сонда ол өз-өзін ұстай алмай, темекісін тұтандыра бастады.

1 (3).jpg

- Бұл жерде шегуге болмайды.

- Қай жерде болады онда?

- Еш жерде.

- Бір жерде шегетін шығар.

Тәртіп сақшылары ер адамды біраз ақылға келтірмекші болып еді, ол айналадағы адамдар мен камераға қарамай, тіпті көтеріліп кетті де балағат сөздер айта бастады.

Дәрігерлердің кабинетінде ол орындыққа созыла түсті, айналадағылардың бәріне тесіле қарап: полицейлерге, айғақтаушыларға, медиктерге.

- Сараптамадан өтуден бас тартасыз ба?

- Жоқ. Неге? Бас тартпаймын. Жай, әзірше істегім келіп отырған жоқ.

1 (4).jpg

Нарколог-дәрігер оның кабинетінде соншама адамның жиналу себебін түсіндіруге тырысты. Оны тыңдап отырған ер адам болса дәрігердің әр сөзіне тиісіп, келекетіп, уақытты созып отырды.

- Қазір жай ғана алкотерстерге үрлеңіз. Терең дем алып, түтікке үрлейсіз, деміңізді үзбей.

Ұсталған ер адамның дәрігердің айтқанын істегісі келмей отырғаны байқалды. Ол істеген сайын түтікке жай ғана үрлеп, демін үзіп жіберіп отырды. Бұл алкотестердің масаю деңгейдің көрсеткішін дұрыс беруіне кедергі жасады.

1 (5).jpg

Бірнеше сәтсіз әрекеттерден кейін ер адам аяғастынан өкпесінің ауырып кеткенін айтты.

- Жарайды, онда курткаңызды шешіңіз, қан аламыз.

Демек, бұзушы жеке бір себептерінің бар екенін айтып, бұдан да бас тарта кетті. Сонда дәрігер оған алкотестерге үрлеуден және қан тапсырудан жалтарыған жағдайда бұзушыға автоматты түрде орташа деңгейлі масаю күйінде болған бұзушылардың қатарына жатқызылатынын түсіндірді. Бұндай жауап еркекті одан сайын ызаландырып жіберді.

- Мен қазір сіздерге анықтамаларымды көрсетемін, сонда көрермін қалай қақандайтындарыңызды.

- Айғақтаушылар, ер адам түтікке үрлеуден және қан тапсырудан бас тартып отыр. Сондықтан біз қазір куәландырудан бас тарту туралы хаттама толтырамыз.

Барлық құжаттар рәсімделгеннен кейін бұзушы кабинеттен шығарылды. Ашулы жүргізушінің машинасы егесімен бірге арнайы айып тұрағына жеткізілді. Бұнда тағы бір «концерт» басталды: ол полицейлерге балағат сөз айтып, агрессия танытты.

1 (6).jpg

- Мына жерде менің жүргізуші куәлігім жатқан, мында – жеке куәлігім, ал мына жерде –ақшам болған. Қайда олар?!

- Ешкім тиіскен жоқ оларға.

- Сен не, мені мазақтап тұрсың ба?!

Полицейлерден «ұрланған ақшасын» қайтаруларын талап еткен ер адам құқыққорғау органдары қызметкерлерінің намысын таптағанымен қоймай, инспекторға шап беріп, тіпті төбелескісі де келді.

1 (7).jpg

Әбден ызаланған бұзушы машинасын айып тұрағына қою туралы актіге де қол қоймай қойды.

Свежие новости