Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

БҚО-да «Қазгидромет» филиалының экс-директоры 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды

БҚО-да «Қазгидромет» филиалының экс-директоры 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Д. Оралымбетов БҚО бойынша «Қазгидромет» кәсіпорнының филиалының директоры бола тұра, екі жылда бес миллионға жуық қаржыны жымқырып үлгерген, деп хабарлайды patrul.kz.

Ол филиалдың қызметкерлеріне сыйақы беру туралы бұйрық шығару арқылы 1 541 000 теңгені жымқырған.

Сондай-ақ, жұмысшылардың жалақыларына үстемақы төлеу арқылы 1 638 592 теңгені жымқырған. Бұдан бөлек, 2016 ж. іссапар мерзімін негізсіз ұзарту немесе жалған іссапарды рәсімдеу арқылы мемлекетке тиесілі 1 588 901 теңгені жымқырған.

«Оралымбековтің кінәсі сотта дәлелдемелерді зерттеу арқылы расталып, қалалық соттың 06.09.2017 ж. үкімімен кінәлі деп танылды. Сот Оралымбетовтің қылмыстық жолмен тапқан мүлкін тәркілеп, өмір бойы мемлекеттік органдарда лауазым атқару құқығынан айырып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.Үкім заңды күшіне енді».- деп мәлімдейді Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Свежие новости