Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Басты мақсат- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Басты мақсат- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Қарағандылық полицейлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды күшейтуде, деп хабарлайды patrul.kz.

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының 2018-2020 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын іске асыруда Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ Департаментінде нақты істер атқарылып келеді. Ең алдымен, Департаментте және оған бағынысты мекемелерде ай сайын атқарылған істерге аппараттық, жедел кеңестерде талдау жүргізіліп, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері талқыланып келеді. Бұл бағытта жеке құрам арасында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қызметкерлері мен «Нұр Отан» партиясының ҚОФ өкілдерінің қатысуымен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу жоспарлы түрде іске асуда.

Департамент пен оған бағынысты бөліністердің жеке құрамымен жүргізілетін кәсіби қызметтік даярлық сабақтары аясында ай сайын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы мен «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін» зерделеу сабақтары өткізіліп, жеке құрамға ІІМ және ҚАЖ Комитетінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау жөніндегі шолулары мен нұсқаулары таныстырылып отырылады.

Атап айтқанда, 2018 жылдың өткен кезеңінде ҚАЖ Департаменті мен бөліністерінде Әдеп кодексін зерделеу жөнінде 53 (2017 жылдың 10 айында - 49) және сыңбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды зерделеу жөнінде 63 (2017 жылдың 10 айында - 61) сабақ өткізілген.

Қарастырылып отырған кезеңдегі өзара біріккен іс-әрекеттер аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдерімен 13 (2017 жылдың 10 айында - 11), «НҰР ОТАН» партиясының өкілдерімен - 14 (2017ж. 10 айында - 11) кездесу өткізілген.

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын Жолдауында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл үздіксіз және пәрменді жүргізілуі тиіс екендігі атап көрсетілген. Соған байланысты, Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ Департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабы 5 тармағына және 2018 жылға арналған ішкі істер органдары бөліністерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөнінде жұмыс тобы құрылып, жоспар-тапсырма бекітілді. Орындалуы ҚАЖ Департаменті басшылығының тұрақты бақылауына алынды.

«Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі елімізде орын алып отырған заманауи оң өзгерістермен бірге өсіп-өркендеп, тамырын жайып отырғаны белгілі. Осынау қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлық кеселі мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіретінін мойындамасқа амал жоқ. Сонымен қатар, ол - күнделікті өмірде азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына да алғышарттар жасап береді. Сол себепті, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында көрсетілген тұжырымдарға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілер аяусыз жүргізуі тиіс деп білеміз», - дейді Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығы Д. Т. Қанатбеков.

Свежие новости