Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Барлық құрмет аналарға! СУРЕТ

Барлық құрмет аналарға! СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ішкі істер саласында қызмет атқаратын көп балалы аналарды құттықтады, деп хабарлайды patrul.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов көпбалаы аналарды жеке қабылдауына арнайы шақырып, бейресми кездесу өткізді. Ол кездесуге келген аналарға алғысын айтып, бала тәрбиелеу секілді қиын да жауапты істі мүлтіксіз орындап келе жатқандары үшін алғысын айтты.

IMG_1510.JPG

Департамент бастығымен кездесуге келген әр ана батыр атағына лайық. Олар кем дегенде 4 бала дүниеге әкелген. Қиын да қауіптілігі басым қызметте жүріп, балалардың әрбірін тәрбиелеу, оқыту оңай шаруа емес. Осындай, жандардың бірі Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚ ЮПБ инспекторы Оксана Фирсова 4 құрсақ көтерген, 3 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр. Полиция капитаны көктемнің шуақты күндерінің бірімен тұспа-тұс келетін халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында, жеке қабылдауына шақырған Ералы Жумаханбетовке алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол асыл жанды аналарды, әріптес қыз-келіншектерді шын жүректен нәзік жан иелерінің мерекесімен құттықтады.

IMG_1535.JPG

Департамент бастығы дастархан барысында емен-жарқын әңгіме-дүкен құрып, көпбалалы аналарды мерекемен құттықтап, сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етті. Осылайша мереке күні Шымкент қаласы полиция департаменті бастығы 4 көпбалалы анаға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Сіздер тек балаларыңыздың алдында ғана ардақты емессіздер. Сіздер мемлекет алдында үлкен еңбек сіңіріп, мемлекет алдында абыройларыңызды асырдыңыздар. Қазақстанның демографиясына үлес қосып жатқандарыңыз үшін рахмет!», - деп атап өтті департамент бастығы Ералы Жумағанбетов.

IMG_1542.JPG

IMG_1461.JPG

Свежие новости