Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Барабаншылар ерекше өнер көрсетті. СУРЕТ

Барабаншылар ерекше өнер көрсетті. СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Байқау «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында да өтті, деп хабарлайды patrul.kz.

Ұлттық ұланда «Әскери керней - 2019» байқауының өңірлердегі іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Оңтүстіктегі байқауға Алматы облысының Қаракемер кентінде орналасқан 6654 әскери бөлімінің әскери оркестрі, Ұзынағаш кентінде орналасқан 28237 әскери бөлімінің әскери оркестрі, Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінен келген әскери оркестр, Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің әскери оркестрі және Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінің әскери оркестрі қатысты.

Байқауға төрелік етуге Нұр-Сұлтан қаласынан Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің басшысы - көркемдік жетекшісі капитан Дархан Рахымғалиев арнайы келді.

2.JPG

Әскери оркестрлердің өнері патриоттық және әскери тәрбиеге ықпал ететін екі міндетті бағдарлама бойынша бағаланды. Бірінші талап бойынша оркестр концерттік бағдарлама ұсынуы керек. Бағдарламада шетел және қазақ композиторларының классикалық музыкасы, аспапта ойнау бойынша және вокал солистерінің өнері, әртүрлі сипаттағы шығармалардың орындалуы тыңдалды.

5 (72).JPG

Екінші бөлігі дефиле және плац-концерт деп аталды. Оркестрлер әскери плацта музыка аспаптарында ойнай жүріп, түрлі саптық тәсілдерді көрсетті. Сайыстың бұл бөлігінде саптың жинақылығы, көрсеткен өнерлерінің мазмұны, драмалық және режиссерлік шеберлік, театр элементтерінің қолданылуы, репертуар таңдау және басқа да талаптар сыналды. Дефиле көрсетуден 5513 әскери бөлімінің оркестрі ойнақылығы, жинақылығы жағынан ерекшеленді, 6506 және 5571 әскери бөлімдерінің де оркестрлері мазмұны мен орындау шеберлігі қырынан тамаша өнер көрсетті.

Шымкенттік барабаншы старшина Есенбек Медетбектің өнері көрермендерді ерекше тәнтті етті. Оның әрбір шығарманы орындаудағы ерекше ықыласы мен қимылына жұртшылық сүйсініп қарады.

7 (40).JPG

Дирижер аға лейтенант Ялкун Азизовтің жетекшілігімен тараздық оркестрдің орындаған Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» күйі жауынгерлердің рухын көтере түсті. Осы оркестрдің бұрынғы дирижері, құрметті ардагер, запастағы капитан Федор Альдингердің әлі саптан қалмай, бірге өнер көрсетіп келе жатқандығын да айтакету керек.

Ал 28237 әскери бөлімінің оркестрі дефилеге құтқарушылар костюміндегі сарбаздарды да қатыстырып, ерекше көрініс көрсетті. 6654 әскери бөлімінің оркестрі биылғы сайысқа жаңаша қойылмдарымен келді. Әсіресе үш барабаншының өнері көпті сүйсінтті.

Байқау барысында 6506 әскери бөлімінің оркестрі қайтыс болған әріптестері, 5571 әскери бөлімінің барабаншысы кіші сержант Әлібек Сәтжановты еске алуға арнайы музыкалық композиция орындады.

8 (24).JPG

Байқау-сайысты қорытындылаған қазылар алқасының шешімімен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылық бойынша «Әскери керней - 2019» байқауында І орынды 5513 әскери бөлімінің әскери оркестрі, дирижері аға лейтенант Ялкун Азизов, ІІ орынды 6506 әскери бөлімінің әскери оркестрі, дирижері аға лейтенант Жарас Нұрмұханов және 5571 әскери бөлімінің әскери оркестрі, дирижері лейтенант Никита Беляков жеңіп алып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әмреевтің атынан дипломдармен марапатталды.

1-орын Дирижер Ялкун Азизов.JPG

Свежие новости