Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

«Балалық шағынан айырылған балалар» немесе «Неге балаларға көлік жуғызады?»

«Балалық шағынан айырылған балалар» немесе «Неге балаларға көлік жуғызады?»

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Кейбір ата-аналар балаларын оқумен қамтамасыз етудің немесе балалық шағының рахатына бөлеудің орнына оларды еңбекке пайдалануды жөн көреді. Алматының Ювеналды полициясы бұндайға жол бермеуге тырысады, деп хабарлайды patrul.kz.

1.jpg

Алматының құқық қорғаушылары «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындыларын жасады. Полиция қызметкерлері педагогтар мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен және жай ғана жанашыр алматылықтармен бірігіп, базарлар мен көлік жуу орындарын және балалар жұмысқа тартылуы мүмкін басқа да жерлерді тексеріп шықты. «Акцияның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу, кәмелетке толмағандардың қоғамға жат бағыттағы тобын, алкогольді ішімдіктер, есірткі, уландырғыш және психотроптық заттарды пайдаланушыларды әшкерелеу, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандардың түн мезгілінде заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз көңіл көтеру орындарында және үйден тысқары жерлерде жүруін анықтау.

Сонымен қатар, біздің бөлімшенің қызметкерлері базарлар мен көлік жуу орындарын тексеруге ерекше назар аударуда. Ондай жерлерде сөреде сауда жасап тұрған баланы немесе көлік жуып жүрген жасөспірімді жиі кездестіруге болады. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар, заңда талап етілгендей, балаларын оқумен қамтамасыз етудің орнына оларды еңбекке пайдалануды жөн көреді»,- деді Алматы қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі ювенальды полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Лейла Әліпбаева.

2.jpg

Сонымен, Алматының Бостандық ауданында орналасқан базарлардың бірін тексеру кезінде полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған екі баланы әшкереледі. Оның біреуі Алматыға Қарағандыдан келген, ал екіншісі – Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Екі жасөспірім де өздерінің мегаполиске қонаққа келгендерін айтты. Қалай болғанда да, оларды ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне табыстағанша бозбалалар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

6.jpg

4.jpg

Свежие новости