Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Қазақстанның оңтүстігінде 4 қап есірткімен ер адам ұсталды

Қазақстанның оңтүстігінде 4 қап есірткімен ер адам ұсталды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

«Дельта-Долина» аймақаралық есірткі бизнесімен күресу бөлімінің және Жамбыл облысы ІІД-інің қызметкерлері Шу ауданында 4 қап кептірілген марихуанасы бар жергілікті тұрғынды құрықтады, деп хабарлайды patrul.kz.

Тәркіленген есірткінің салмағы 21 келіден көп болды, ол бір пайдаланар 2 мың дозаға тең.

«Ұсталған азамат ҚР ҚК-сінің 296-бабындағы «Аса ірі көлемде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» 4-тарауы бойынша уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Бұл баппен 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі таңда бұл іс жан-жақты тергелуде», - делінген Ішкі істер министрлігінің ақпаратында.

ІІД-інің есірткі бизнесімен күресу Департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, Шу алқабындағы марихуананың шикізаттық базасы жалпы еліміздегі наркожағдайға ықпал етеді.

«Оны жинап, таратудың алдын алу үшін Жамбыл облысында Шу алқабы мен көршілес аймақтарға бақылау жүргізетін «Дельта-Долина» атты арнайы бөлімше қызмет етеді.

2017 жылы ішкі істер органдары тек Жамбыл облысының аймағы бойынша 19,6 тоннадан астам марихуананы тәркілеген», - деп қорытындылады Арыстанғани Заппаров.

Свежие новости