Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Қауіпсіздігі барынша төмен ЕС-164/4 мекемесінде Бірлік күні аталып өтті

Қауіпсіздігі барынша төмен ЕС-164/4 мекемесінде Бірлік күні аталып өтті

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

1 мамыр мерекесіне орай сотталғандар белсенді демалыс күніне қатысты, деп хабарлайды patrul.kz.

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл айтулы мереке Елбасымыздың 1996 жылы қабылдаған Жарлығы бойынша тойланып келеді. 100-ге жуық түрлі ұлт өкілдері мен ұлыстары тату-тәтті тұратын еліміз үшін аталмыш мерекенің маңызы зор.

«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған, осы қағиданы ұстанып Алматы облысы ҚАЖД қарасты ЕС-164/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өткізілді.

«Мақсаты жағынан түзету мекемесіндегі сотталғандардың спортқа деген талпынысын, өмірге, жалпы жеке адамның ой-өрісіне, дене шынықтыру, адамның физикалық қасиеттерін, қабілетін арттыруға байланысты қамтылып отырған бірден-бір таптырмас іс-шаралардың бірі болып табылады», - дейді ЕС-164/4 мекемесінің САӘПжТЖ бөлім бастығы Сабина Дюсембина.

Әр жасақтан құралған 5 команда жарысқа қатысты. Командалар құрамында жасқа қарамай үлкені де кішісіде белсене ат салысып, ойын қызыққа толы болды. Ойынның қорытындысы бойынша 1 орынды төртінші жасақ, 2 орынды екінші жасақ иеленсе, 3 орынды бірінші жасақ алды. Жүлделі орындарды алған командаларға мекеме әкімшілігі атынан кубоктар пен қабырға сағаттары табысталды.

Свежие новости