Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Атырау облысында кәмелетке толмаған балаларға сыра ішкізген адам жауапқа тартылды

Атырау облысында кәмелетке толмаған балаларға сыра ішкізген адам жауапқа тартылды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Атырау облысының кәмелет жасқа толмаған балалар ісі жөніндегі сот жергілікті тұрғынның үстінен қозғалған істі қарастырды, деп хабарлайды patrul.kz.

Ер адамның дүкеннен 6 шөлмек сыра сатып алғаны белгілі болды. Сосын ол оны 16 және 17 жастағы екі жасөспірімге ішкізді. Сөйтіп, соттың баспасөз қызметіің мәлімдегеніндей, айыпталушы оларды мас күйіне жеткізді.

Сараптама ішіп алған жеткіншектердің орташа масаю күйінде болғанын анықтады.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындады. Және өзінің материалдық жағдайының қиын екенін түсіндіріп, соттан тағайындалатын айыбының мөлшерін азайтуды сұрады.

«Ер адам ҚР ӘҚтК-інің 131-б.бойынша («Кәмелет жасқа толмағандарды мас күйіне жеткізу») айыпты болып танылды. Оған 29 694 теңге көлемде айыппұл салынды», - делінген сот ақпаратында.

Свежие новости