Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Астанада зергерлік дүкенді тонаған күдікті әйел ұсталды

Астанада зергерлік дүкенді тонаған күдікті әйел ұсталды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Полицияға зергерлік салонның иесі шағымданды. Ол өзінің сауда орталықтарының бірінде орналасқан дүкенінен белгісіз біреулердің 350 мың теңгеге бағалы бұйымдарын қолды қылып кеткенін мәлімдеді, деп жеткізеді patrul.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, ұрлық күндізгі сағат бірлерде жасалған. «Есіл» аудандық ІІБ-ының криминалды бөлімінің қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында осы іспеттес қылмыспен бұрын-соңды сотты болған Қарағанды облысының 33 жасар тұрғыны анықталып, құрықталды.

фото 1.JPG

«Қазақстан Республикасы ҚК-сінің 188-бабы бойынша соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ұсталған әйел Астана қ. ІІД-інің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның қала аумағында орын алған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр», - делінген елордалық ІІД баспасөз-қызметінің ақпаратында.

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері аталмыш күдіктінің әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды «Есіл» ауданы ІІБ-сының кезекшілік бөлімшесіне (Қорғалжы тасжолы, 21) немесе 8 (7172) 61 30 68, 8 775 101 22 83 не «102» телефодарымен хабарласуды сұрайды.

Свежие новости