Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Астанада Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу күні өтті. СУРЕТ

Астанада Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу күні өтті. СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Тұңғыш қорғаныс министріне арналған ескеркіш тақтасына тағзым етілді, деп хабарлайды patrul.kz.

С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде №1 халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу құрметіне ескерткіш тақтасы орнатылған орынға гүл шоқтары қойылып, салтанатты жиын өткізілді.

IMG_9288.JPG

Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер Бас штаб бастығының орынбасары Мұхамеджан Таласов, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер ардагерлері М.Нагуманов пен Н. Поспелов, А. Ерниязов, В. Щацков, Н. Сорокин және т.б құрметті қонақтар қатысты.

IMG_9435.JPG

«Еліміз Тәуелсіздігін алғанда жаңа жас мемлекеттің қорғаныс саласын құрып, күшейтіп мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Генерал Нұрмағамбетовтің тәлімі мен тәрбиесін алған шәкірттер бұл күнде Қазақстанның Қарулы Күштері саласында әрқилы қызметтерді атқарып келеді. Бұның барлығы да оның мемлекет қауіпсіздігіне қосқан зор үлесі болып саналады. Сағадат Қожахметұлы еліміздің қорғаныс саласында көшбастар тұлға болды. Өмірі өнегеге толы абзал адам ғұмырының соңына дейін өз ұлтына, Қазақстан халқына адал еңбек етті. Екі тізгін, бір шылбырды тең ұстаған Сағадат Нұрмағамбетовті Қазақстанның әр баласы үлгі тұтып өсті. Адамдық пен азаматтықты қатар алып жүруде де биіктік таныта білді», - деді генерал-майор Мұхамеджан Таласов.

IMG_9306.JPG

Аты аңызға айналған Сағадат Нұрмағамбетовтың ерлігін жалғастырушы «Жас ұландықтар» атынан генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» мектебінің түлегі Мұхамед Нұржанат генералға өз жадынан шығарған өлең жолдарын оқыды.

IMG_9348.JPG

Соңында мектептің тәрбиеленушілері мен Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов ескерткіш тақтасы алдынан салтанатты шерумен өтті.

IMG_9455.JPG

Қазақ деген ұлттың атын танытқан айбынды азаматын туған елі, ту тіккен мемлекеті ешқашанда ұмытпасы анық. Еліміздің әрбір азаматы тұғырлы тұлғаның есімін туған әкесіндей аялап, аяулы бейнесін мәңгі есте сақтайды!

Свежие новости