Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Астанада Ұлттық Ұлан офицері қылмыскерді «із суытпай» қолға түсірді

Астанада Ұлттық Ұлан офицері қылмыскерді «із суытпай» қолға түсірді

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Ұлттық ұланның №3660-әскери бөлімінің әскери қызметшісі - майор Тимур Рахимов қылмыскерді қолға түсірді, деп хабарлайды patrul.kz.

Т.Рахимов жұмыстан кейін үйіне қайтып, есігінің кіреберісіне жеткенде, әрігеректеу жерде бір қыз бен жігіттің арасында қандай да бір жанжал болып жатқанын байқап қалды.

Жігіт қызды итеріп жіберді де, қаша жөнелді. Жылап, көмекке шақырған қыздың жан дауысын естігенде, Ұлттық ұлан офицері қасына жүгіріп барды. Қараса – қыз қансырап жатыр екен.

«Жігіттің артынан 1 шақырымдай жерге дейін қуып жеткен офицер, қоян-қолтық ұрысын қолдана отырып, оны қолға түсірді.

ІІБ-інің қызметкерлері келгенше әскери қызметші қаскөйді қылғындыру тәсілімен ұстап тұрды. Ұсталған азаматтың қолында ұрланған қара түсті iPhone 7 телефоны болды», - деп мәлімдеді ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келіп жеткен ІІБ-інің қызметкерлері күдіктімен бірге оқиға болған жерге қайта оралды. Сол маңайды тексеріп шыққанда, жәбірленушінің сөмкесі мен пышақ табылды.

Кейін полицейлермен ұсталған азаматтың бұрын-соңды сотталып, 10 жылдай Ресей Федерациясының ТМ-сінде жазасын өтеп келгені анықталды.

Свежие новости