Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Астана қаласында «Борышкер-2018» ЖПШ жүргізілуде

Астана қаласында «Борышкер-2018» ЖПШ жүргізілуде

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Елордалық ІІД сот орындаушылардың қатысуымен жедел-профилактикалық іс-шара өткізуде, деп хабарлайды patrul.kz.

Іс-шара аясында Астана қаласының аумағында, сонымен қатар «Рубеж» бекеттерінде көлік ағымын автоматты бақылау жүйесін, электронды планшеттер, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлер, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлғалар, жалған мемлекеттік нөмірлермен жүргізушілер анықталуда.

Өткізілген ЖПШ жаңашылдықтардың бірі бұрын автоматты жүйелерде тіркелген ЖҚЕ бұзғаны үшін бұзушыларға айыппұл төлеу туралы хабарлама беріледі және әкімшілік айыппұлды төлемеген жағдайда хабарлама алған сәттен бастап 5 тәулік ішінде көлік құралын мамандандырылған автотұраққа қоюға, сондай-ақ КҚТП алып қоюға дейінгі мәжбүрлеп орындау түріндегі шара қолданылатын болады.

Аталмыш шараның мақсаты - әкімшілік айыппұлдарды өңдеп алу.

Сонымен қатар, Әкімшілік полиция басқармасы айыппұлдарды келесідей әдістермен тексеруге және төлеуге болатыны туралы ақпараттандырады: «egov.kz» электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимінде, екінші деңгейлі банк бөлімшелерінің есеп айырысу-кассаларында, сондай-ақ интернет-сайт арқылы qamqor.gov.kz, Kaspi.KZ, egov.kz, HandyPay, MyPay homebank.kz мобильді қосымшаларда онлайн-төлемдер. Ал түбіртекті 8-776-197-23-48 WhatsApp жіберуге болады.

Анықтама: http://qamqor.gov.kz интернет сайт арқылы айыппұлдарды тексеру кезінде «Узнай о своих штрафах» бетбелгісін басып, көлік иесінің ЖСН нқмірін енгізу және фото-бейнетіркеу жүйесімен жазылған бұзушылықтар болған жағдайда сол жерден аталған бұзушылықтардың фотосын шығарып алуыңызға болады. Байланыс телефоны: 8-717-2-95-44-98.

Свежие новости