Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Арулар, асыл жандар. СУРЕТ

Арулар, асыл жандар. СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды patrul.kz.

Салтанатты шараға арнайы Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан ардагер апалар шақырылды. Салтанатты шарада ҚР ІІМ Қылмыстық- атқару жүйесі комитетінің төрағасы Азамат Базылбековтың құттықтау хаты оқылды.

S1110098.JPG

Департамент бастығының орынбасары Жүніс Әбдіқайыров қылмыстық- атқару жүйесінде қызмет атқаратын әйелдер қауымын 8 - наурыз мерекесімен құттықтап, отбасыларына амандық, қызметтеріне жемісті табыс тілеп, әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін деп жылы лебізін білдірді.

S1110103.JPG

Шара барысында ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының бұйрығымен қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, үлгілі атқарғаны үшін «Қылмыстық атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен ҚАЖД штаб тобының бас маманы Э. Даутбаева, грамотамен ЗК-169/5 мекемесінің жедел бөлімінің жедел уәкілі Н. Алыбаева және Алғыс хатпен медициналық қамтамасыз ету тобының маманы С. Кенжеғұлова марапатталды.

Департамент бастығының бұйрығына сәйкес ардагер аналар мен 16 қызметкер грамота және алғыс хаттармен марапатталды.

S1110013.JPG

S1110015.JPG

S1110030.JPG

Свежие новости