Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Ардагерлерге құрмет көрсетілді. ФОТО

Ардагерлерге құрмет көрсетілді. ФОТО

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Талдықорған қаласында Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 73 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды patrul.kz.

№13 орта мектептің оқушылары мен ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Әскери-техникалық мектептің тәрбиеленушілері ұйымдастырған шараның мақсаты – елі үшін қан майданда шайқасқан, отты жылдарда еліне қорған болған ардагерлердің ерліктерін жас ұрпаққа үлгі ету.

IMG_0069.JPG

Жиын соғыста қаза тапқан ардагерлерді еске алумен басталды. Оқушылар өлең жолдарын арнап, патриоттық әндер шырқалды, сұрапыл соғыс күндерінен үзінді көрсетілді. Ардагерлерге деген ыстық ықыластары мен алғыстары есебінде шағын сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етті.

«Ауыр да азапты жылдарды да бастан кештік. Бүгін бейбіт заманда өмір сүргенімізбен сол зұлмат күндер санада өшпейді екен. Ел үміт артқан қанша арыстай азамат соғыстан қайтпады. Бірақ сол соғысқа аттанған, тылда тынбай еңбек еткен азаматтарымыздың, әйел-аналарымыздың арқасында жеңіске жеттік. Соғыс болмасын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», - деді тыл ардагері Мереке Серғазин.

IMG_0079.JPG

Соғыс ардагерлері кезекпен сөз алып, осындай сый-құрметтің арқасында аман-есен жүргендерін жеткізді. Жұртшылықты Ұлы Жеңіс мерекесімен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді.

«Осы күнді сіздердің арқаларыңызда қарсы алып отырмыз. Дендеріңіз сау болсын, дәстүрлі түрде өткізілетін осы шарамыздан әрқашан сіздерді көрейік», - деді №13 мектеп директоры Гүлнәр Омарова.

IMG_0091.JPG

Сондай-ақ, мектеп директоры 48386 әскери бөлімінің әскери қызметшілердің отбасымен жұмыс қызметіне мектепке көрсетіп келе жатқан демеушілік жұмыстары үшін ерекше алғысын білдірді.

«Біздің мектептегі арнаулы сыныптарда мүгедек, жағдайы төмен отбасылардың балалары оқиды. Жыл сайын материалдық, моральдық көмек көрсетіп, оқушылар үшін әскери бөлімдерде Ашық есік күндерін өткізіп, әскерилердің тыныс-тіршілігімен таныстырып келе жатқан кіші сержант Ә.Сехимбаева мен Н.Чаловаға алғысымды білдіремін», - деп атап өтті.

IMG_0131.JPG

Мерекелік шара аяқталған соң ардагерлер үшін арнайы дастархан жайылып, қонақасы берілді.

Жалпы, Алматы облысында 190 Ұлы Отан соғысының ардагері, 13 мыңға жуық тыл ардагері бар.

Свежие новости