Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Қарағанды облысында адасқан 11 адам құтқарылды

Қарағанды облысында адасқан 11 адам құтқарылды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

25 желтоқсан күні таңғы сағат 07:30-да құтқарушылар Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Абай аулынан бір топ адамның шығып, айдалада адасып кеткендері жайлы хабар алды. Олар Балхаш қаласына бағыт алған екен, деп жеткізеді patrul.kz.

Сапаршылар 11 адам болып шығыпты, ішіндегі 4-уі - бала (оның біреусі – 3 айлық нәресте). Өз ауылдарынан олар екі машина болып шыққан екен. Біраздан соң қатты тұман түсіп, олар жолдарынан адасып кетіпті. Жол табамыз деп дала кезіп жүргенде, автомобильдердің біреусінің жағармайы таусылып қалған.Көпке дейін олар келеңсіз жағдайға ұшырап қалғандары жайлы туыстарына да хабарлай алмаған, тек бір төбеге мініп, ұялы байланыс бар жерді тапқаннан кейін ғана ондай мүмкіндік туды.

14_Kar-da_Spasenie_ (5).jpg

«Іздестіру –құтқару шараларды жүзеге асыру үшін Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің құрал-күштері жұмылдырылды. Адасқандар құтқарушыларға өздерінің тұрған жерлері жайлы о бастан дұрыс бағыт бере алмағандықтарынан, іздестіру жұмыстары қиынадй түсті. Оның үстіне қатты тұман да көп кедергі тудырды. Нарманбет аулында құтқарушыларға сол ауылдың әкімі мен жергілікті учаскелік инспектор да қосылды. Сонымен қатар ТЖ мамандары мобильдік байланыс арқылы координаттарды анықтап, техникалық жағынан көмек алу үшін ІІД-інің қызметкерлеріне жүгінді. Солардың арқасында іздестіру жұмыстар аумағының көлемі айтарлықтай кеміді», - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметі.

14_Kar-da_Spasenie_ (2).jpg

Іздестіру-құтқару тобы алдымен жағармайы таусылған машинаны тапқан. Кейін белгілі болғандай, адамдардың бәрі екінші көлікке(УАЗ) ауысып, жол іздестіруді жалғастырған екен.

«26 желтоқсан күні сағат 01:42 адасқандар Қарасу аулынан 90 шақырым жерінде табылды. Құтқарушылар олардың бәрін Балхашқа жеткізді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ», - делінген ТЖК-інің ақпаратында.

Құтқарушылар адамдарға қысқы мерзімде қауіпсіздік шараларды сақтап, алыс жерлерге барудан тартынғандарының жөн екенін ескертеді, әсіресе түнге қарай және ауа райы бұзыларда.

14_Kar-da_Spasenie_ (1).jpg

14_Kar-da_Spasenie_ (3).jpg

Свежие новости