Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

«Қапқанға» түскен үй ұрысы немесе ұрлықшының соңғы «ісінің» сәтсіз аяқталғаны жайлы. БЕЙНЕЖАЗБА

«Қапқанға» түскен үй ұрысы немесе  ұрлықшының соңғы «ісінің» сәтсіз аяқталғаны жайлы. БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Іле ауданындағы Қоянқұс аулында қырағы тұрғындар біреудің үйіне түсуге әрекет жасаған ер адамды байқап қалды, деп хабарлайды patrul.kz.

Қоянқұстағы бақ шаруашылығы бірлестігі төрағасының көмекшісі Күлжиен Нұрғалиева әдеттегідей өзіне қарасты аумақты аралап жүрген. Оның учаскесінде қылмыс болары оның ойына да кірмеген.

- Мен күнде поселокты аралаймын. Еш нәрсе назарыман тыс қалмайды: адамдардың не істеп, не қойып жатқандарын, бөтендер бар ма, жоқ па – бәрін тексеремін.

Бәрін аралап болғаннан кейін Күлжиен «міндетімнен құтылдым» деп үйіне қайтып бара жатқан. Бір кезде ол бір үйдің маңайын айналшықтап жүрген күдікті еркекті байқап қалды.

- Бір ер адам тұр қызыл куртка киген. Сыртынан қарасаң – тәп-тәуір киінген. Сондықтан мен оның ұры болуы мүмкін екенін ойлаған да жоқпын. Оңың біздің ауылдан емес екенін көріп, «кімсің, қайдан келдің?» деп сұрадым. Ол «отын сатып алуға келдім» деп жауап берді. Сол кезде ата келді. Бұл екінші қатар еді, ол осында тұрады. Мен оған: «Ата, Сіз үйге барып, екінші қабаттан түсіріп алыңыз бұның не істейтінін. Мен үйге бара берейін. Бір нәрсе болса, телефонмен хабарласыңыз» дедім. Үйге енді кіре бергенде, оның келіні телефон шалып: «Тәтешка, ол кірді. Оның қолында «отвертка» бар» деді.

1 (4).jpg

Әйел бұл жайлы дереу жергілікті учаскелік инспекторларға хабарлады. Полицияның аға лейтенанттары Алмат Аймұхамбетов пен Ербол Беркінбаев тезарада ұрлықшы кіріп кеткен үйге келіп жетті.

- Мен бірден Алматқа қоңырау шалдым. Ол біздің аумақта еді. Шамамен бір он минут ішінде олар осында болды.

Учаскелік инспекторлар ұрыны іс үстінде, тура ауладан шыға бергенде ұстап алды.

1 (8).jpg

«Бүгін учаскемізді аралап жүргенде «Қазақстан» саяжай учаскесінің тұрғындарынан 20-25 жастардағы кавказ өкілдері пішінді белгісіз ер адамның бір үйдің маңайын айналшықтап жүргені жайлы ақпарат түсті. Жедел түрде көрсетілген мекен-жай бойынша келдік. Күдікті азамат ұсталып, барлық жағдайларды анықтау үшін аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді».

«Ер адам терезені қысып ашу жолымен үйдің ішіне кірген. Үйдің ішін аралап, керекті нәрселерді алған да, «ізін суытпақшы» болған. Сол сәтте біз келіп, жедел түрде оны құрықтадық», - деп баяндады Іле АІІБ ЖПҚ-інің учаскелік инспекторы аға лейтенант Ербол Беркімбаев.

1 (9).jpg

Міндеттерін адал әрі шұғыл атқарып жүрген учаскелік инспекторларына деген жергілікті тұрғындардың алғыстары шексіз.

- Кешегі оқиғаға байланысты барлық тұрғындардың атынан учаскелік инспекторларымызға үлкен рахмет айтқым келеді. Жігіттер тезарада жетті. Бәрі оларды мақтап жатыр, тез келді деп. Шынында да, шақырғанда, тез келетіні – жақсы ғой. Ұрыны жедел әрі уақытылы келіп ұстағандары үшін - рахмет.

1 (3).jpg

Бәрінен де ұры түскен үйдің қожайыны риза. Ол жергілікті учаскелік инспекторларды бәрі жақсы танитынын айта кетті – «аттарын да, түрлерін де жақсы біледі» - деді ол. Өйткені полицейлер адамдардың әр шағымын, әр көмек сұраған өтінішін назарларынан тыс қалдырмайды.

- Үйімізге түскен ұрыны полицейлер бір сағат ішінде қолға түсірді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қылмыскерді ұстап, әрі қарай тергеу үшін полиция бөлімшесіне алып кеткендері үшін үлкен рахмет. Айта кететіні, учаскелік инспекторлар жиі келіп тұрады, бәрін қадағалап жүреді. Қандай да бір «сигнал» түссе, бірден келеді. Олардың жұмысына барлығының көңілі толады. Рахмет оларға. Солардың арқасында аулымызда бәрі тыныш.

1 (12).jpg

Тұрғындар бұндай қылмыстардың ауылдарында сирек болатынын айтады. Тәртіп сақшыларының арқасында елдімекенде бәрі тыныш. Алмат Аймұханбетов пен Ербол Беркімбаев полиция қызметкерлеріне әрқашанда арқа сүйеуге болатынын айтады ауыл тұрғындары.

- Олар бізге келерде үнемі телефонмен хабарлап қояды. «Тәте, біз қазір көшелерді патрульдеп жүрміз» дейді. Соңғы кезедрі Ерболды жиі көріп тұрамын. Бұған дейін Дулат келетін. Барлық учаскелік инспекторлар телефонмен «келе жатырмыз» деп хабарлап қояды. Сонда расында да көңілің орныда болады. Сол түнде бәрі тыныш болатынын білеміз. Біз олармен ылғи да байланыста боламыз. Алмат күнара қоңырау соғып, ауылдағы жағдайды сұрап тұрады. Мен оларға өте ризамын.

1 (1).jpg

1 (2).jpg

1 (5).jpg

1 (11).jpg

1 (13).jpg

Свежие новости