Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды! БЕЙНЕЖАЗБА

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды! БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Жас ұлан мектебінде әйелдерді құттықтады, деп хабарлайды patrul.kz.

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінде көктемнің ең шуақты күні - Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мектептің тәрбие және идеология басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға мектеп тәрбиеленушілері және ұжымның ер азаматтары белсене қатысты. Салтанатты жиын, Алматы өңірлік гарнизонының бастығы генерал-майор К.Қарақұловтың осы өңірдің әскери бөлімдері мен мекемелердегі әйелдер ұжымын құттықтау хатын оқумен ашылды.

1 (5).jpg

«Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетуіне асыл аналарымыз, ардақты ұстаздарымыз бен аруларымыздың өлшеусіз үлесі мол. Кешегі ел басына күн туған заманда қолына қару алып, ел қорғаған Әлия, Мәншүк, Хиуаз сияқты қазақтың батыр қыздары мен кешегі Кеңес дәуірінен бастап бүгінгі бейбіт күнде ел экономикасы мен әл-ауқатының дамуы жолында аянбай еңбек еткен», - деді мектеп бастығы Талғат Жабагин.

1 (2).jpg

Сөз соңында Талғат мырза ұжымның барлық қыз-келіншектерін 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Салтанатты жиын барысында мектептің клуб меңгерушісі Мағазбек Қажымұқан, 3-сынып сержанты Асхат Қасымов пен 3-сынып сержанты Руслан Мүшебаев әсем ән орындады.

1 (1).jpg

Мектеп тәрбиеленушілері де өз өнерлерін көрсетті. 4-рота тәрбиеленушісі Полатбек Толысбек «Қыз бала – гүл» әнін орындаса, мектеп тәрбиеленушілері Хамит Қайдаулов, Елнұр Айдарбеков, Бағлан Балтабаев күмбірлетіп «Ерке сылқым» күйін орындады.

Мектеп ардагерлері спорт база бастығы Елдос Нұғманов пен Еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметінің бастығы Төкен Смағұловтың орындаған «Сенің анаң алтын» әнімен сахна шымылдығы жабылды.

1 (3).jpg

1 (4).jpg

Свежие новости