Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Анаға хат. СУРЕТ

Анаға хат. СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

8 наурыз мерекесіне орай, сотталғандар арасында «Анаға хат» атты шығармашылық конкурсы өткізілді, деп хабарлайды patrul.kz.

Конкурстың басты мақсаты сотталғандардың әлеуметтік-маңызды байланыстарын нығайту, ананы құрметтеу болып табылады. Конкурста сотталғандардың шың пейілдерімен, аналарының сыйлаған өмірі үшін алғыстарын айта отырып, өз ойларымен жазылған хаттары, өлең-шумақтары тыңдалып, сайысқа түсті. Осымен қоса сотталғандар өздерінің хаттарын көркем суреттермен безендіріп, хатқа әсерлі бейне қалдырды. Ана жайлы ойыңды айтып тауысу мүмкін емес. Өйткені ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен. Конкурсқа қатысушылар аналарына жазылған хаттарын, өлеңдерін оқу кезінде ішкі сезімдерін жасыра алмай, көз жасына ерік берді.

DSC03858.JPG

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлері және КА-168/2 мекемесі басшылығы тарапынан қазылар алқасы жасақталып, сотталғандардың аналарына жазылған хаттарының ішінен үздігі анықталды.

Шығармашылық конкурс соңында қазылар алқасы сотталғандарға жылы лебіздерін білдіріп, әр қатысушының жеңімпаз екенің айтып, хаттардың аналарына пошта арқылы жолданатындығын айтты.

DSC03864.JPG

DSC03875.JPG

Свежие новости