Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматылық тұрғын сериялық көлік ұрлығын жасады деген күдікке ілінді

Алматылық тұрғын сериялық көлік ұрлығын жасады деген күдікке ілінді

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Жергілікті полицейлер көлік ұрлығын бірнеше рет іске асырған азаматты ұстады, деп хабарлайды patrul.kz.

Панфилов ауданының орталығындағы көп қабатты үйлердің ауласынан Mazda маркалы көлігі ұрланған. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы облысының тұрғыны қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Қылмысты ашуға бағытталған тиісті шаралар кезінде күдікті анықталып, оның тұрғылықты мекен-жайынан айғақзаттар табылды.

«Аталмыш қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 39 жасар Панфилов ауданының тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында күдіктінің биыл тамыз айында болған «ВАЗ-2109» көлігінің ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Оның үйінен ұрланған көліктердің қосалқы бөлшектері, мемлекеттік тіркеу нөмірлері табылып, тәркіленді. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат алынды», - деп атап өтті облыстық полиция өкілдері.

Ал Жамбыл ауданының полицейлері Mitsubishi автокөлігін үптеп кеткен 47-жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады. Күдікті аудандық уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Қазіргі таңда күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатысы анықталуда. Ұрлыққа қатысты қылмыстық өндіріс ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр.

«Өңірде автокөліктерді ұрлау қылмыстарын ашу және олардың алдын алуға бағытталған шаралар үнемі жүргізіледі. Биыл жыл басынан бері Алматы облысының полицейлері қолды болған 220-дан астам темір тұлпарды тауып, оларды заңды иелеріне қайтарды», - деп атап өтті өңірдегі Іздестіру бөлімшесінің бастығы Е. Кәрібаев.

Свежие новости