Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматыда жол талғамайтын қымбат көлігін «газонға» қойған әйел жауапкершілікке тартылды

Алматыда жол талғамайтын қымбат көлігін «газонға» қойған әйел жауапкершілікке тартылды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Оңтүстік астанада полицейлер джип көлігін гүлзардың үстіне қойған әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды patrul.kz.

Интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында тәртіп сақшыларының назары қала тұрғынының жол қозғалысы ережесінің өрескел бұзылуы туралы дабылына түсті.

«Осы дерек бойынша біздің бөлімшенің іздестіру бөлімінің қызметкерлерімен 1970 жылы туылған К. есімді азаматша анықталып, ҚР ӘҚтК-тің 597-бабының 2-бөлігінде қарастырылған құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге, жол-патрульдік полициясының қызметкерлері жер-жерде көлік құралдарының тұрақ ережесін бұзушылығын анықтау бойынша тұрақты негізде мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізуде»,- деді қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.**

Оның мәлімдеуінше, жыл басынан бері осындай құқықбұзушылықтар жасаған 13400-ден астам жүргізуші, оның 1200-і – мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көлік тұрағына көліктерін қойған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Автокөлік трафигі өте тығыз мегаполистің жүргізушілер құрамының есіне жол қозғалысы ережелері мен жолдағы тәртіпті бұлжытпай сақтауларын тағы бір рет сала кетуді жөн көріп отырмыз. Сондай-ақ оларды өздерін және жол қозғалысына қатысушы өз жақындарын ойлауға шақырамыз», - деп сөзін тұжырымдады Ж.Байкенов.

Свежие новости