Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматыда жанып кеткен Lexus жарылып кете жаздады. БЕЙНЕЖАЗБА

Алматыда жанып кеткен Lexus жарылып кете жаздады. БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Оңтүстік астананың Райымбек даңғылында Lexus LX 470 маркалы джип жанып кетті. Кез келген уақытта жойқын жарылыс болу мүмкін еді, деп жеткізеді patrul.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Lexus LX 470 автомобилі даңғыл жолмен шығыс бағытта қозғалған. Саин көшесіне жетейін дегенде, жүргізушінің сөзіне қарағанда, ол жаяу жүргіншілер жолағының алдында адамдарды өткізіп тұрды. Кенеттен автомобиль өшіп қалды да, капот астынан түтін шыға бастады. Сонда ол сол жердегі адамдармен жабылып, қолдағы бар құралдарымен түтінді өшірмек болды. Бірақ бұдан нәтиже шықпады. Тек оқиға орнына келген ТЖ қызметінің мамандарының жедел әрекеттерінің арқасында джиптың толық жанып кетіп, жарылуының алды алынды – машинада қосымша газ құрылғысы орнатылған екен.

Қуаныштысы, қаза болғандар мен жапа шеккендер жоқ.

Жанған аумақтың көлемі 2 ш.м құрады.

Көліктің тұтану себептерін Алматы қ. ТЖД-інің қызметкерлері анықтайтын болады.

1 (1).jpg

1 (2).jpg

1 (3).jpg

1 (4).jpg

1 (5).jpg

1 (6).jpg

1 (8).jpg

1 (9).jpg

1 (10).jpg

1 (11).jpg

1 (12).jpg

Свежие новости