Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматыда өрт сөндірушілер түннің ортасында өртеніп кеткен цехтағы отпен күресті. БЕЙНЕЖАЗБА

Алматыда өрт сөндірушілер түннің ортасында өртеніп кеткен цехтағы отпен күресті. БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Жуырда түнгі сағат 02:03-те Алматы қ. ТЖД-інің «101» пультына Жетісу ауданында өрт болып жатқаны жайлы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына санаулы минут ішінде жетті, деп мәлімдейді patrul.kz.

Отқа оранған – Бродского к-сі, 37-үй мекен-жайында орналасқан ғимарат. Бірінші өрт сөндіру жасақтары оқиға орнына 02:10-да келіп жетті.

Күштер мен құралдардың саны шақырту бойынша өсе берді.

Кейін белгілі болғандай, жанып кеткен – металл бұйымдары мен шатырларды шығаратын цех екен.

«Қолданылған шаралар нәтижесінде өрт 02:59-да оқшауланып, бір сағат ішінде - 03:10-да ауыздықталды. Жанған аумақтың көлемі - жалпы 750 шаршы метрдің - 290 шаршы метрі. Қаза болғандар мен жапа шеккендер жоқ», - деп баяндады Алматы қ. ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

1 (1).jpg

1 (2).jpg

1 (3).jpg

1 (5).jpg

1 (6).jpg

Свежие новости