Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматыда мас жүргізуші «есінен танып» қалды. Бірақ сол жерде-ақ әшкере болды. БЕЙНЕЖАЗБА

Алматыда мас жүргізуші «есінен танып» қалды. Бірақ сол жерде-ақ әшкере болды. БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Патруль экипажының көзіне Сейфуллин даңғылындағы тұтас қос сызықты кесіп өткен Audi автосы түсті, деп хабарлайды patrul.kz.

Тәртіп сақшылары оның ізіне түсті. Тоқтатқанда, ішінен екі ер адам шықты – жүргізуші мен жолаушы. Кейін, олар полицейлермен сөйлесіп тұрғанда, күтпеген жерден рульде болғаны жерге серейіп құлап түсті. Иномарка жолаушысының сөзіне қарағанда, досының жағдайы нашарлап кеткен көрінеді. «Науқас» болса, ыңғайланып алды да, есінен танғандай болып жата берді.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылды. Жиналғадардың бәрі еркекті зембілге жатқызамыз деп әуре болды. Бірақ....

«Талып қалған» жәбірленуші ойламаған жерде полицейлердің қолында тұра бастады. Сөйтіп, ол өзінің қулығын білдіріп қойды. Сондықтан тәртіп сақшылары оны санитарлық зембілге емес, тікелей патрульдк машинаға көтеріп апарды. «Кейіпкер» тағы да образға кіріп, бірден былбырай қалды. «Есінен танған» жүргізушіні полицейлер көліктерінің артқы орындығына жатқызбақ болды. Ол болса, өмір мен өлім арасында жатқандай, еш белгі бермеді. Бірақ бұның бәрі шындыққа жанаспады. Бұл адам өзін мықты актер ретінде көрсете алмады. Демек, жүргізуші ретінде де жетісіп тұрған жоқ. Болмаса, қарапайым жол жүру ережелерін бұзар ма еді?

Фабрика форматовкЛОУН.00_07_47_38.неподвижное изображение006.jpg

Фабрика форматовкЛОУН.00_08_11_39.неподвижное изображение007.jpg

Фабрика форматовкЛОУН.00_09_04_04.неподвижное изображение003.jpg

Айналадағылар бұл «қойылымды» тамашалап тұрғанда, тәртіп сақшылары жүргізушінің еш бір құжаты жоқ екенін анықтады. Сөйтіп, оның тұлғасын айқындау үшін оны Аудандық ІІБ-не жеткізді. Сосын – медициналық куәландыруға апарды. Ол жерде оның орта деңгейдегі масаю күйінде екені белгілі болды. Енді «актер» кем дегенде, үш жылдай жау жүргіншілер қатарын толтырады.

Фабрика форматовкЛОУН.00_08_57_24.неподвижное изображение002.jpg

Фабрика форматовкЛОУН.00_08_50_06.неподвижное изображение001.jpg

Фабрика форматовкЛОУН.00_09_10_29.неподвижное изображение005.jpg

Свежие новости