Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматыда көлік ұрлығымен айналысқан қырғыз елінің азаматы ұсталды

Алматыда көлік ұрлығымен айналысқан қырғыз елінің азаматы ұсталды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Алмалы АІІБ-ның тәртіп сақшылары 1992 жылы туылған тұрғылықты мекен-жайы жоқ қырғыз елінің азаматын күдікті ретінде ұстады, деп хабарлайды patrul.kz.

Кейінірек белгілі болғандай бұрын сотты болған ол Алматыға жұмыс істеу мақсатында келіп, біраз қара жұмыс істегеннен кейін өзінің ескі әдеті бойынша өз нәпақасын қылмыстық жолмен табуды жөн санаған.

«Ол көше бойында қаңтарылған көліктердің терезелерін сындырып, көлік ішінен бағалы заттар мен бейне тіркеуіштерді алып, із жасырып отырған. Тек қана Алмалы ауданы аумағында күдіктінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен 5 көлік иесі анықталып отыр.

Күдікті Алматы қаласы ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталған азаматтың қылмыстық әрекетінен зардап шекккен өзге де қала тұрғындары болса мына телефон номерелері: 254-46-00, 254-46-01 арқылы хабарласуларын сұраймыз», - деп мәлімдеді Алмалы АІІБ-ның бастығы, полиция подполковнигі Данияр Мендебаев.

Свежие новости