Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматыда «ГАЗельге» соғылған Toyota-ның жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. БЕЙНЕЖАЗБА

Алматыда «ГАЗельге» соғылған Toyota-ның жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Оңтүстік астананың Солтүстік айналма жолында қазалы ЖКО орын алды, деп жеткізеді patrul.kz порталы.

Toyota Soarer автомашинасы тасжолмен солтүстік бағытта қозғалған. «Мизам» базарының тұсында өтіп бара жатқанда ол жол апатына ұшырады: айналма жолының көпірімен Жаңажолға қарай түсіп бара жатқан шетел көлігі бар жүрісімен келіп, жолдан шығып кетті де, жолдың шетінде тұрақтап тұрған «ГАЗель» маркалы жүк көлігіне соғылды. Бұл жүргізушінің көлігін игере алмай қалғандығынан болға көрінеді. Седанның рулі оң жағынан болғандықтан және соққының қатты болып, дәл оң жағынан келгендіктен, Toyota-ны басқарған ер адам сол жерде мерт болды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметінің екі машинасының бірі жапондық көлікте отырған жолаушы әйелді түрлі жарақаттармен 4-қалалық ауруханаға алып кетті.

Жол апаты болғанда «ГАЗель» ішінде ешкім болмаған, оның жүргізушісі жақын жерде болған. Соққы алғаннан кейін жүк көлігі серпінмен барып алдындағы бағанаға ұрылды.

WhatsApp Image 2018-01-11 at 11.57.35 (1).jpeg

WhatsApp Image 2018-01-11 at 11.57.31.jpeg

WhatsApp Image 2018-01-11 at 11.57.32.jpeg

Toyota Soarer автомобилінің тізгініндегі қаза болған жүргізушінің денесін Алматы қаласының Құтқару қызметінің мамандары шығарып алды. Ол үшін оларға гидравликалық қайшымен көлікті кесіп алуға тура келді. Қаза болған адамнан 1972 жылғы кісінің жеке куәлігі табылды, бірақ бет-әлпеті жағынан ол суреттегі адамға ұқсамаған.

Кейін жапондық жеңіл көліктің алдыңғы дөңгелектерінің шинасы жазғы, артқыларындағысы – қысқы болғаны белгілі болды. Полицейлер бұл ЖКО-сының мән-жайын анықтауда.

WhatsApp Image 2018-01-11 at 11.57.34.jpeg

WhatsApp Image 2018-01-11 at 11.57.33.jpeg

WhatsApp Image 2018-01-11 at 11.57.36.jpeg

WhatsApp Image 2018-01-11 at 11.57.33.jpeg

WhatsApp Image 2018-01-11 at 11.57.43 (1).jpeg

WhatsApp Image 2018-01-11 at 11.57.43.jpeg

WhatsApp Image 2018-01-11 at 11.57.44.jpeg

WhatsApp Image 2018-01-11 at 11.57.42.jpeg

WhatsApp Image 2018-01-11 at 11.57.40.jpeg

WhatsApp Image 2018-01-11 at 11.57.35.jpeg

WhatsApp Image 2018-01-11 at 11.57.40 (2).jpeg

Свежие новости