Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматыда екі азаматтығы бар әйелге жарты миллиондай теңгеге айыппұл салынды

Алматыда екі азаматтығы бар әйелге жарты миллиондай теңгеге айыппұл салынды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Алматы әуежайында Ішкі істер органдарының Желілік бөлім қызметкерлері 30 жастағы шетелдік азаматшаны құрықтады. Онда екі елдің азаматтығы бар боп шықты – Түркия мен Қазақстанның, деп хабарлайды patrul.kz.

Ұсталған әйелдің үстінен ҚР ӘҚтК-сінің 496-бабының 2-бөлігі бойынша («ҚР заңнамасымен көзделген мерзім ішінде шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламау») әкімшілік хаттама толтырылды.

«Әйелге 453 800 теңге көлемде әкімшілік айыппұл төлеу жазасы тағайындалды», - деп мәлімдеді Көліктегі ІІД-інің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері Көліктегі ІІД-іің қарамағындағы учаскеде Көші-қон қызметінің қызметкерлерімен әкімшілік жауапкершілікке 2749 азамат тартылды, соның ішінде: 2507 шетел азаматы – елімізде болу ережелерін бұзғаны үшін, оның ТМД елдерінен – 2386 адам, алыс шетелдерден – 121 адам.

Сот үкімімен 328 шетел азаматы елден шығарылды.

Свежие новости