Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматыда болған өртте бір адам қаза болды. БЕЙНЕЖАЗБА

Алматыда болған өртте бір адам қаза болды. БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Кеше Алматы қ. ТЖД «101» пультына 13:30 шамасыда Медеу ауданындағы үйлердің бірінде өрт болып жатқаны жайлы ақпарат түсті. Оқиға орнында бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды patrul.kz.

Өрт Медеу ауданындағы «Медик» саяжай қоғамдастығының №54-учаскедегі саяжай үйінен шыққан. Өрт сөндірушілердің келуіне жекеменшік тұрғын жайы лапылдап жанып жатты. Оның таулы жерде орналасқандығынан ол жерге жету қиындай түсті. Оның үстіне бұл жерде су тапшылығы да бар екен, жергілікті тұрғындар гидранттарды да орнатуды ойластырмапты. Сондықтан да өрт сөндірушілерге қосымша арнайы машиналарды шақыртып, тауға қарай 500 метрге дейін магистралдық желіні созуға тура келді.

Барлық қиындықтарға қарамастан, брандмейстерлер қысқа уақытта жану ошағын өшіріп, өртті сөндіре алды. Айта кететіні, құтқарушылар келгенше үйдің ішінде газ баллоны жарылып кетті. Ол тұтану ошағынан бірнеше метрдей жерден табылды.

Оқиға орнында адамның денесі табылды. Куәгерлердің айтуынша, бұл осы үйдің иесі болған 1980 жылы туған ер адам.

Жанған аумақтың көлемі 50 ш.м. құрады. Ағаштан салынған саяжай үйі толығымен өртеніп кетті.

1 (1).jpg

1 (2).jpg

1 (4).jpg

1 (5).jpg

1 (6).jpg

1 (7).jpg

1 (8).jpg

1 (9).jpg

1 (10).jpg

1 (11).jpg

1 (12).jpg

1 (13).jpg

1 (14).jpg

1 (15).jpg

1 (16).jpg

1 (17).jpg

1 (18).jpg

Свежие новости