Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматыда қарт әйелдің сөмкесін тонаған азамат ұсталды

Алматыда қарт әйелдің сөмкесін тонаған азамат ұсталды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Оңтүстік астанада ауылдасын тонап кеткен күдіктіге қарсы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды patrul.kz.

Оқиға Іле ауданында орын алған. 58 жасар әйел аудандық полицияға үш күн бұрын аулада белгісіз біреудің күш көрсетіп, сөмкесін тартып алып кеткенін хабарлаған.

«Факті бойынша жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген азамат ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, зардап шегушінің қолды болған сөмкесі табылып, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді»,- деп атап өтті ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, тергеу барысында күдікті мас күйінде әрекет еткені анықталды. Азамат мекен-жайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

Свежие новости