Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматыда 238 жас ұлан серт берді. СУРЕТ

Алматыда 238 жас ұлан серт берді. СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебіне жаңадан қабылданған 238 ұлан серт берді, деп мәлімдейді patrul.kz.

2019 жылдың 5 қазанында Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебіне жаңадан қабылданған 238 ұлан серт берді. Ортаға Мемлекеттік ту әкелініп, Әнұран шырқалғаннан кейін тәрбиеленушілердің серт қабылдау рәсімі басталды.

9c131b7b-cd22-4ca6-af1f-fbcf77f14e43.jpg

«Ант қабылдау – әрбір әскери қызметші үшін қасиетті рәсім. Бүгін сіздер Отан үшін жан аямай, орасан зор қайсарлықпен ерлік көрсеткен Бауыржан Момышұлындай жан-жақты, білімді, әділ болуға, өз елін, жерін сүйетін нағыз патриот болып өсуге, әскери өмірді үйреніп, еліміздің ержүрек, қайсар азаматы болып қалыптасуға салтанатты түрде серт бергелі тұрсыңдар. Мен сіздерге талмас талап пен терең білім, қажыр-қайрат пен өшпес рух тілеймін! Құрметті жас ұландықтар, туған жерімізге аянбай тер төгіп, антқа адал болыңыздар, жас ұландар қатарына қосылуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!», - деді мектеп бастығы полковник Манат Болатұлы Батырбаев.

c09200f5-b883-430f-9ce7-682ddae278bf.jpg

Жас ұлан қатарына қосылған тәрбиеленушінің бірі – Дияс Искалиев Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының тумасы. Диястың бала күнгі арманы - генерал болу. «Отанға адал қызмет етемін!» - деп серт берген бозбала әскери мектепті үздік бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп, халқына аянбай қызмет етуге дайын екенін айтты.

0b97c3ab-6827-466e-ac1c-8c452bd74f2d.jpg

Шара барысында мектебіміздің құрметті қонақтары: генерал-майор Асқар Досбосынұлы Мұстабеков, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Тәпенұлы, генерал-майор Марат Камарянович, мектеп ұстаздары мен ата-аналар сөз сөйлеп, жас ұландарға табыс пен жарқын болашақ тіледі.

5d7d191c-3698-415f-b0bd-6b27b6b5db67.jpg

Іс-шараның ресми бөлімінен соң 11-сынып тәрбиеленушілері қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін, жас сарбаздар саппен жүру тәртібін көрсетті. Салтанатты іс-шара мектептің көркем өнерпаздар тобының дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

84c3d45a-5910-4d16-907b-459656151fea.jpg

Свежие новости