Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматы «Жас сарбаз» қозғалысы өз жұмысын жалғастыруда. СУРЕТ

Алматы  «Жас  сарбаз» қозғалысы  өз  жұмысын  жалғастыруда. СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Алматы қаласында жалпы білім беретін мектептердің бастапқы әскери дайындық жөніндегі оқытушыларымен жиналыс өтті, деп хабарлайды patrul.kz.

Жиналыстың мақсаты – «Жас сарбаз» Республикалық балалар-жастардың әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі арқылы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, әскери қызметшілерді, сондай-ақ шақыру жасына дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді жетілдіру.

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмыс шеңберінде Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев және Алматы қаласының әкімі Б. Байбекпен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

fea8bc33-970c-4e07-91f6-feb0fbabae38.jpg

Сөз барысында Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі Департаменті бастығыныың орынбасары Рамиль Рахимжанов Алматы қаласында әскери-патриоттық бірлестігін және «Жас сарбаз» қозғалысының өңірлік штабтары құрылғанын, «Жас сарбаз» қозғалысының өңірлік штабы Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің ғимаратындағы базасында орналасқандығын атап өтті.

Сонымен бірге, әскери-патриоттық клубтарды және «SMART-SARBAZ» сыныптарын құру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін тілге тиек етті.

2ba0419e-87f6-42b8-a3d1-1e6ca895a83a.jpg

Жиын соңында «Жас сарбаз» Республикалық балалар-жастардың әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі құруға белсене атсалысқан бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығыныың орынбасары Р. Рахимжанов мақтау қағазы және алғыс хаттармен марапаттады. «Жас сарбаз» Республикалық балалар-жастардың әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Свежие новости