Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматы полициясына аты шулы алаяқ үстінен арыз түсірген шағымданушылардың саны азаяр емес

Алматы полициясына аты шулы алаяқ үстінен арыз түсірген шағымданушылардың саны азаяр емес

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Алматы қ. ІІД-інде ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған 1975 жылы туған Павел Геннадьевич Крымовқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қарастырылып жатыр, деп хабарлайды patrul.kz.

Күдіктінің алдын-ала жоспарлаған алаяқтық іс-әрекетінен ірі көлемде қаржылай зардап шеккен 5 азамат анықталып отыр.

«Тергеу барысында белгілі болғандай ағымдағы жылдың наурыз айында зардап шеккен К есімді азамат Крымовтың делдалдарының бірінің шақыруымен «табыс табудың жолдары» атты бизнес треннингіне қатысу үшін қала қонақ үйлерінің біріне келген. Ол жерде алаяқ Крымов жәбірленушіге өзін халықаралық «Questra Word & Atlantik Global» компаниясының басшысы ретінде таныстырып, компанияның банкрот алдында тұрғанын алға тартады. Компанияны қайта қалпына келтіру үшін қаржылай ақша салуды сұрап, компания өз деңгейіне көтерілген кезде қыруар пайда табуға болатынын айтады. Арада бір ай мерзімде уақыт өткеннен кейін Крымов тренинг өткізу үшін қайтадан кездесу ұйымдастырады. К. азамат шақырылғандардың арасында болған.**

Бұл жолы жәбірленушімен жеке әңгімелесу барысында ол Алматы қаласында «Questra Word & Atlantik Global» компаниясының филиалын ашып, оған осы аймақтық компанияның директоры болуды ұсынады. Осылайша жәбірленушінің сеніміне кіре отырып алаяқ Крымов компанияға деп 23 мың 500 АҚШ доллары көлемінде ақша алады да, жәбірленушіні директор лауазымына тағайындау жұмыстарын кезекті демалыстан келгеннен соң шешетінін алға тартады. Осылайша ірі көлемді ақша жымқырып, бой тасалаған Крымовқа ІІО-мен іздеу жарияланды», - деп мәлімдеді Алматы қаласы ІІД-нің Тергеу басқармасында.

Полиция өз кезегінде азаматтардан Крымовтың әрекетінен зардап шеккендер болса мына телефон номерлері: 254-43-79, 8-708-383-38-56 бойынша хабарласуларын сұрайды.

Свежие новости