Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматы облысының жас полицейлері ант қабылдады. СУРЕТ

Алматы облысының жас полицейлері ант қабылдады. СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Оңтүстік астанада «Тұңғыш Президент Күні» қарсаңында салтанатты жиын өтті, деп мәлімдейді patrul.kz.

Салтанатты іс-шарада қызметінде үздік нәтиже көрсеткен тәртіп сақшылары ҚР Ішкі істер министрлігінің және Департамент басшылығының дипломдарымен марапатталды. Сондай-ақ, жиында қызметке жаңа келген жас полицейлер адал қызмет етуге салтанатты түрде ант қабылдады. Аталмыш іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері шақыртылған болатын. Қарт адамдар жас тәртіп сақшыларына қызметіне адал болу үшін ізгі ниеттерін білдіріп, баталарын берді.

4 (40).JPG

Полиция департаментінің жеке құрамы «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының Бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаевпен кездесті. Партия өкілі Елбасымыздың өмірі мен оның тұлға болып қалыптасуы, саралы саясаты туралы баяндама жасады. Кездесуде Тұңғыш Президенттің өмір жолы туралы фильм көрсетілді.

2 (88).JPG

Сондай-ақ, мереке қарсаңында полицейлер балаларға арнап «Ашық есік күнін» өткізді. Мектеп оқушылары тәртіп сақшылары қызметінің қыр-сырымен танысып, олардың көлік түрлерін, қызметтік иттерін тамашалады. Департаменттегі мұражайды аралаған оқушылар таңданысын жасыра алмады. Кейбірі болашақта полицей болып, елге қызмет етуді армандайтынын айтты.

3 (68).JPG

«Талдықорған қаласындағы «Динамо» спорт кешенінде Полиция департаментінің бастамасымен Алматы облысындағы күштік құрылымдар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Доп додасына Төтенше жағдайлар департментінің, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Арнайы күзет қызметі басқармасының, Алматы облысы ҰҚКД, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы және Полиция департаментінің командалары қатысты», - деп хабарлайды Алматы облысы полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Тартысты өткен жарыста Алматы облысы Полиция департаментінің командасы 1-орынды, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық департаментінің командасы 2-орынды иеленсе, Алматы облысы Арнайы күзет қызметі басқармасының волейболшылары үштікті түйіндеді.

10 (13).JPG

14 (3).JPG

Свежие новости