Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматы облысының полицейлері жоғалған оқушы қызды іздеп тапты

Алматы облысының полицейлері жоғалған оқушы қызды іздеп тапты

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Осыдан екі апта бұрын үйінен қашып кеткен 14 жасар қызды тәртіп сақшылары тауып, үйіне қайтарды, деп мәлімдейді patrul.kz.

14 қарашада Ескелді ауданының полициясына Бақтыбай аулында тұратын отбасылық жұп шағымданды. Олар өздерінің кәмелет жасқа толмаған қыздарының жоғалып кеткені жайлы хабарлады.

Осыған қатысты жағдайларды зерттей отырып, полицейлер оқушының 12 қарашада Талдықорған қаласында жоғалғанын анықтады. Бұнда ол ата-анасымен бірге келген екен. Сонымен қатар тергеушілерге бұл оқушы қыздың үнемі үйден қашып кететіні және қаңғыбастыққа бір табан жақын екені мәлім болды. Мұғалімдер мен ювеналды полиция қызметкерлері де бұл жайлы хабардар екен.

Ескелді ауданының полицейлері облыстық орталықтағы әріптестерімен бірге ауқымды іздеу жұмыстарын ұйымдастырды. Нәтижесінде оқушы қызды олар қарашаның 28-нен 29-на қараған түні Талдықорғандағы ойын-сауық орталықтарының бірінен тапты.

«Жасөспірім көптеген құрбыларының үйлерінде қыдырып жүргенін және алдағы уақытта ата-анасына оралатын ойы болмағанын айтты. Қашқын қыз Ескелді АІІБ-не жеткізіліп, сол жерге шақыртылған ата-анасының қолына тапсырылды», - деп баяндады Алматы облысы ІІД-інің баспасөз қызметі.

Ювеналды полиция өкілдері оқушымен кезекті профилактикалық әңгіме жүргізді.

Свежие новости